Жеке серіктесті айқындауда конкурс өткізуді хабарлау және конкурс құжаттарының көшірмесін ұсыну

«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы негізінде «Шу қаласындағы әмбебап дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету» туралы жобасын іске асыру мақсатында  жеке серіктесті айқындауда конкурс өткізілетінін  хабарлайды.

1. Жобаның мақсаты: тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту, тұрғындарды спортпен қамту үшін жағдай жасау, оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін мүмкіндік орнату, күш жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері бойынша дамуына жәрдемдесу, тұрғындарға спорттық қызмет көрсету мақсатында күш жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері бойынша әмбебап дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне (бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика, таэквондо) 25 орындық жатақханасымен сервистік қызмет көрсету. Бұқаралық дене шынықтыру және сауықтыру барысын дамытуда тиісті жағдайлар жасау. Жамбыл облысында дене шынықтыру және спорттың материалдық – техникалық базасын нығайту.

  1. Жобаның техника-экономикалық талаптары:

1) жер телімінің көлемі 1 га кем емес;

2) жалпы ауданы 2100 м2 кем емес (бокс, күрес/дзюдо, таэквондо, ауыр атлетика залдары, футбол алаңы, жүгіретін жол алаңы, жатақхана қосалқы алаңымен және асхана, сауна, бассейн);

3) құрылыс салу ауданы 1100 м2 кем емес.

3. Басты көрсеткіштері: спорт кешенінің ғимараты – дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне арналған типтік екі қабатты ғимарат. Ғимараттың бірінші қабаты жаттығу залы, ауыр атлетика залы, киім шешетін бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, сауна, дүкен және кіре-беріс алаңы бар. Екінші қабатта күрес және бокс залы. Спорттық блок – 1 қабаттың жалпы ауданы 800 м2 кем емес, 2 қабаттың жалпы ауданы 800 м2 кем емес. Жатақхана - жарысқа және оқу-жаттығу жиынына қатысатын спортшыларды қабылдау үшін екі қабатты ғимарат (тұруға арналған 20 орыннан кем емес) кем дегенде 15 орынға арналған түскі ас залымен асханасы бар,  душпен және санитарлық тораппен қамтылған және басқа да тұрмыстық-шаруашылық үй-жайы болуы қажет. Общежитие: 1 қабат - жалпы ауданы 120 м2 кем емес, 2 қабат - жалпы ауданы 110 м2 кем емес.

4. Ұйымдастырушының байланысу деректері:   «Жамбыл облысы әкімдігінің  дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тел.: 8/7262/45-17-63, факс 45-05-14, электронды пошта: [email protected], жауапты орындаушының А.Т.Ә: әкімшілік бөлімінің басшысы– Шопанов Керімбек Талмаханбетұлы.

5. Жоба ұсынысын берудің түпкілікті мерзімі: 16.04.2022 жыл.


Leave a Reply