28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадасының өңірлік Алау Эстафетасы

2017 жылдың 28 қаңтар күні Тараз қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадасының өңірлік Алау Эстафетасы өтті.  Аталған іс-шараға барлығы 11 000-нан астам адам қатысты.

Алау Эстафетасының өңірлік кезеңінің өткізу бағыты 12 шақырымды құрады.

Ол Тараз қаласындағы жоғары оқу орындарын және қаланың  көрікті орындарын қамтыды («Көне Тараз» археологиялық паркі – ТарМУ – ТИГУ – ТарМПИ - ҚР Тұңғыш Президенті саябағы – «Қазақ хандығы» мемориалды монументі – «Тараз-Арена» спорт сарайы).

Өңірлік Алау эстафетасын облыс әкімі Көкрекбаев Кәрім Нәсбекұлы бастап, Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Ақжүрек Таңатаровқа табыстады. Әрі қарай Әулиеата жерінің атақты спортшылар мен белсенді жастары, «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаев,  Қарулы Күштер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы Олжас Саттібаев, Лондон Олимпиада ойындарының қатысушысы Ғани Жайлауов, паратаеквондодан Әлем чемпионы Өмірәлі Нышан, еркін күрестен ХХІІ Сурдлимпиялық ойындарының чемпионы Есжанов  Ғабит, қазақ күресінен Әлем чемпионы Айтбек Айбол  және  басқалары қатысты.

Универсиада дирекциясынан  алаугерлерге және алау қорғаушыларына (60 алаугерге, 12 алау қорғаушысына және 2 жүргізушіге), сонымен қатар іріктелген 100 еріктіге облыс  әкімдігі  тарапынан арнайы киімдермен  қамтамасыз етілді.

Тараз қаласы мен аудан орталықтарының 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадасын насихаттау мақсатында  50 баннер (Тараз қаласында – 26, аудандарда – 24), 1 000 дана афишалар ілінді және Универсиаданың 1000 дана жарнамалық парақшалар таратылды.

Универсиаданың ресми бейнеролигі облыстық телеарналар эфирінде («Қазақстан-Тараз», «77» каналдары арқылы күніне 7 рет), Тараз қаласының орталығында орналасқан 3 LED экранда (жиілігі 32 рет) және халық көп шоғырланатын орындарда қоғамдық мониторлар арқылы (Қазпошта, «Халық банкі» филиалдары)  көрсетілуде.

29 қаңтар күні Алматы қаласына Жамбыл облысы атынан қазақ күресінен Әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Тараз педагогикалық институтының студенті Пахрединов Дәулет Универсиада алауын поезд арқылы жеткізетін болады.


Leave a Reply