Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының республикалық спартакиадасы

2016 жылдың 27 мамырында Тараз қаласында «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының республикалық спартакиадасы өтеді.

Спартакиада спорттың 7 түрі бойынша (кіші футбол, волейбол, үлкен және үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы) өткізіледі.

Жарысқа 4 өңірлік құрама командадан тұратын Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 100-ге жуық судьялары қатысуы жоспарлануда.

Спартакиаданың өткізуіне жалпы басшылықты ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Жамбыл облыстық филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асырады.

Жарыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдау талаптарын орындау, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыта отырып, судьялар арасында достық қатынасты орнату, сонымен қатар оларды бұқаралық спортқа тарту мен дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналасуын қамтамасыз ету.

Жарыстың салтанатты ашылуы 2016 жылдың 27 мамыр сағат   09.30 - да, «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді.

Comments are closed.