Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында акция

2017 жылдың 2017 жылдың 14 қаңтар күні, сағат 11.00-де, Тараз қаласы «Тараз - Арена» спорт сарайында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында акция ұйымдастырылды.

Аталған акцияға еліміздің атақты спортшылары, Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен XV Жазғы Паралимпиалық ойындарында ел тарихында тұңғыш рет  жүзуден Паралимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Зульфия Габидуллина, бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері, студентер арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Лондон олимпиадасына қатысушы,  Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғани Жайлауов және Қазақ күресінен Әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Пахрединов Дәулет, сонымен қатар 300-ге жуық спортшының қатысты.

Сонымен қатар, физика – математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының орындауында қолдау флешмобын тамашаланды.

Акция соңында атақты спортшылар мен қатысушылар    28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадасына қатысатын қазақстандық спортшыларға дайындалған қолдау хаты, шар арқылы аспанға ұшырылды.


Leave a Reply