Басшы құрамның сөйлеген сөздерінің мәтіндері

Облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық және ұлттық спорт түрлері бөлімінің басшысы  Н.Ә.Ізімбетовтың  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спорт ардагерлері  арасындағы волейболдан Жамбыл облысының Кубогы ашылу салтанатында сөйлейтін сөзі

 

Тараз қаласы             29 қазан 2016 жыл

 Құрметті жарысқа қатысушылар!

Қадірменді қонақтар мен спорт сүйер қауым!

Бүгін біз  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спорт ардагерлері  арасындағы волейболдан Жамбыл облысының Кубогының ашылу салтанатында бас қосып отырмыз.

Арнайы келіп отырған барша спорт сүйер қауымға жарысқа қош келдіңіздер демекпін!

Бүгінде Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес елімізде бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді.

Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту мәселесі «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналып, барша қоғам алдына межелі міндеттер жүктеп отыр.

Бұл Елбасы, Ұлт Лидері  Н.Ә.Назарбаевтың дара саясатының жемісі, атқарылған ұлан-ғайыр тынымсыз тірліктің нәтижесі. Бүгінгі жарыс осы шаралардың айқын дәлелі.

Бүгінгі жарыстың ең басты мақсаты – облыста волейболды дамыту, ардагер ойыншылардың деңгейін анықтай отырып, республикалық жарыстарға қатысатын облыс ардагерлерінің құрамасын жасақтау, спортпен жүйелі түрде шұғылданушы ардагерлер қатарын арттыру.

Қадірменді ардагер спортшылар!

Сіздерге тартысты  жарыста сәттілік пен спорттық жетістіктер тілеймін. Дендеріңіз сау, отбастарыңыз аман болсын.

Туған Отанымыздың аспаны ашық, өмірі тыныш, күні бейбіт болсын!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спорт ардагерлері  арасындағы волейболдан Жамбыл облысының Кубогын ашық деп жариялаймын!

(Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады).

 

Облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық және ұлттық спорт түрлері бөлімінің басшысы  Н.Ә.Ізімбетовтың  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 18 қазан -  Рухани келісім күніне орай діни бірлестіктер мен филиалдардың өкілдері арасында облыстық спартакиадасының ашылу салтанатында сөйлейтін сөзі

 

  Тараз қаласы             18 қазан 2016 жыл

 

Құрметті жарысқа қатысушылар!

Қадірменді қонақтар мен спорт сүйер қауым!

Бүгін біз  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 18 қазан -  Рухани келісім күніне орай діни бірлестіктер мен филиалдардың өкілдері арасында облыстық спартакиадасының ашылу салтанатында бас қосып отырмыз.

Арнайы келіп отырған барша спорт сүйер қауымға жарысқа қош келдіңіздер демекпін!

Бүгінде Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес елімізде бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді.

Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту мәселесі «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналып, барша қоғам алдына межелі міндеттер жүктеп отыр.

Бұл Елбасы, Ұлт Лидері  Н.Ә.Назарбаевтың дара саясатының жемісі, атқарылған ұлан-ғайыр тынымсыз тірліктің нәтижесі. Бүгінгі жарыс осы шаралардың айқын дәлелі.

Бүгінгі дүбірлі жарыстың ең басты мақсаты – дене шынықтыру мен спорт арқылы діни бірлестіктер мен филиалдардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, діни бірлестіктер мен филиалдардың өкілдерін жаппай дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, бұқаралық спортты дамыту.

Қадірменді спортшылар!

Сіздерге тартысты  жарыста сәттілік пен спорттық жетістіктер тілеймін. Дендеріңіз сау, отбастарыңыз аман болсын.

Туған Отанымыздың аспаны ашық, өмірі тыныш, күні бейбіт болсын!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 18 қазан - Рухани келісім күніне орай діни бірлестіктер мен филиалдардың өкілдері арасында облыстық спартакиадасын ашық деп жариялаймын!

(Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады).

 

 

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турниріне Жамбыл облыстық іріктеу жарысының ашылу салтанатында  Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық және ұлттық спорт түрлері бөлімінің басшысы Н.Ізімбетовтың құттықтау сөзі

Шу қаласы

2015 жылдың  23 қараша

Қадірменді спортшылар мен жаттықтырушылар!

Қымбатты қонақтар!

Құрметті қазақ күресінің жанкүйерлері!

Бүгін біз халқымызбен біте қайнап, сан жылдар бойы бірге келе жатқан халық арасында аса кең тараған қазақ күресінен «Жас Барысының» облыстық іріктеу жарысын тамашалауға жиналып тұрмыз.

Қазақ күресінің биылғы жылғы дәстүрлі облыстық іріктеу жарысы  барша отандастырмыз үшін рухы биік, мәртебесі зор, ұлт қуанышына айналған Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды.

Құрметті спортшылар!

 

Ұлы Дала төсіндегі, Шу жері төріндегі ұлы тойдың құрметіне арналған «Жас Барыс» облыстық іріктеу турниріне қош келдіңіздер!

Өздеріңізге мәлім, қазіргі таңда қазақ күресі Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Бұл, бір жағынан, қазақ күресін кең көлемде насихаттауға бағытталса, екінші бір жағы шежірісі мен танымы мол ұлттық күресіміздің бұқаралығын арттыруға жәрдемдеседі.

Бүгінгі өткізіліп отырған жарыс осының айғағы. Жарысты өткізудің негізгі мақсаты 4-7 қараша аралығында Орал қаласында отетін қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турниріне облыстық құрама командасын жасақтап қатысу, ұлттық құндылықтырымызды дәріптеу, жастар арасында қазақ күресі мен салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге және ұлтжандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Осы мақсатта ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап 153 аулдық округтерінде және аудан орталықтарында өткізілген ауылдық, аудандық жарыстарға 2700 жуық балуан қатысты. Бүгін облыстық іріктеу жарысында 200 астам балуан қатысып отыр.

 

Құрметті қазақ күресінің жанкүйерлері!

 

Ұлттық күресіміздің жыл өткен сайын қарышты қадамдармен дамып келе жатқандығын зор мақтаныш сезіммен айта аламыз. Оның дәлелі ретінді бүгінгі күнге дейін өткен Әлем, Азия чемпионаттарын, «Қазақстан Барысы», «Жас Барыс» турнирлері және  3 жыл қатарынан Тараз қаласында өткен халықаралық «Еуразия барысы» турнирін айтуға болады.

Алып күштің иелері, ұлт мақтаныштары, дарабоз Қажымұқан мен Балуан Шолақтың атын жаһанға шығарған қазақтың төл күресі «қазақ күресі» бүгінде әлемдік деңгейге көтеріліп отырғандығы уақыт ақиқаты!

Бүгінде қазақ күресі Европа, Азия және басқа елдерінде қарқынды дамып, үлкен қолдауға ие болып отыр.

Өйткені, биылғы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Еуразия Барысына» байрақты бәсекеде Ресей, Монғолия, Түркия, Польша, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстан айбоз балуандары бақтарын сынап қатысты.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының төрінен лайықты орын алған қазақ күресін – халқымыздың баға жетпес байлығы, ұлтымыздың асыл қазынасы деп білеміз.

Өйткені, қазақ күресі қашан да елдігімізді көтеріп, ұлттық рухты асқақтатып, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеген.

Сондықтан, бабалар аманатын арқалай, ғасырлар қойнауынан жоғалмай жеткен ұлттық спортымыздың төресі – қазақ күресінің бүгінгі ұрпақ үшін орны ерекше!

Олай болса, өрісі өркендеп тұрған қазақ күресі – ұрпағымен мың жасасын!

Осы жарыстың Шу жерінде өтуіне бас болған аудан әкіміне Рүстем Рысбайұлы  Дәулетке және ат салысқан Шу ауданының демеушілеріне қазақ күресі жанкүйерлері атынан зор алғыс білдіргім келеді.

Құрметті көпшілік!

Қымбатты қонақтар!

 

Бүгінгі заманауи әлемде спорт – бейбітшілік пен татулықтың кепіліне, достық пен өзара сыйластықтың символына айналып отырғанын жаһан жақсы біледі.

Өйткені, спорттың тірегі біреу – ол, спорттық адал бәсеке!

Ал, спортшының тілегі береу – ол, бейбіт өмір!

Олай болса, бәсекеміз – тартысты, аспанымыз – ашық болсын!

Бүгінгі жаһан көз тіккен боз кілем үстіндегі жарысқа қатысушы жас спортшыларға жеңіс, бапкерлерге табыс тілей отырып,

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турниріне Жамбыл облыстық іріктеу жарысы ашық деп жариялаймын!

 

   (Қазақсан Республикасының Мемлекеттік Гимні ойналады)

 

 

Облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Н.Ә.Ізімбетовтың 1998-2000 жылы туылған жастар арасында кіші футболдан «Жастар – терроризм мен экстремизмге қарсы!» атты облыстық турнирінің ашылу салтанатында сөйлейтін сөзі

Тараз қаласы                                         29 қыркүйек  2016 жыл

Құрметті жарысқа қатысушылар!

Қадірменді қонақтар мен спорт сүйер қауым!

 

Бүгін жастар арасында кіші футболдан «Жастар - терроризм мен экстремизмге қарсы!» атты облыстық турнирдің ашылу салтанатында бас қосып отырмыз.

Маңызы зор, мәртебесі биік осы жарысқа арнайы келіп отырған барша спортшыларға  қош келдіңіздер демекпін!

Облыс жастарын спортпен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыра аламыз.

«Терроризм мен экстремизм – осы заманға тән әлеуметтік қатерге айналды. Осыған байланысты өскелең ұрпақтың қоғамда белең алған қауіп –қатерлерден бойын аулақ ұстауы аса маңызды».  Спорт арқылы жастарға салауатты өмір салтын насихаттай аламыз.

Бүгінде Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың айрықша қолдауының арқасында жас Қазақ елінің спорты өркендеу үстінде.

Осындай игілікті істердің нәтижесінде бұқара халықтың спортпен айналысуына және спорт нысандарын пайдалану мүмкіндігі артты.

Ендігі кезекте тұрғындардың спортпен, оның ішінде бұқаралық спортпен айналысуына ықпал етуіміз керек.

Бұл – Елбасының тапсырмасы.

Бүгінгі жарыстың басты мақсаты – Тараз қаласы мен аудандардағы жастар арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және жеке құрам арасында достық қатынасты орнату, футбол ойынын дамыту.

Бұл арадағы ең негізгі ұстаным, спорт – денсаулық кепілі.

Ал, дені сау ұлт – мемлекет байлығы.

Егер, осындай маңызды шақта спортты, оның ішінде бұқарлық сипаттағы спортты – жастар насихаттамаса, кім насихаттайды?!

Дене шынықтыру және спорт басқармасы алдағы уақытта жастар арасында осындай насихаттық шараларды тұрақты түрде ұйымастыратын болады.

Қымбатты әріптестер!

Қадірменді спортшылар!

 

Сіздерге спортта табыс, жұмыста сәттілік тілеймін.

Осынау мерейлі мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін.

Ұлы бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіміз –  тұғырлы, бірлігіміз – берекелі, татулығымыз – берік болсын,

1998-2000 жылы туылған жастар арасында кіші футболдан «Жастар – терроризм мен экстремизмге қарсы!» атты облыстық турнирін ашық деп жариялаймын!

(Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады)

 

 

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай

«Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн аясында Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жоғарғы спорт жетістіктеріне жеткен облыс спортшыларын қабылдауда облыс әкімдігінің

дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы

Г.Қайнарбековтың сөзі

                Құрметті Ерқанат Нұрбапаұлы!

        Құрметті Жандар Кәрібайұлы!

        Қадірменді спортшылар мен жаттықтырушылар!

 

Биылғы жыл көпұлтты Қазақстан халқы үшін аса мәртебелі, айрықша жыл.Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр.Бұл айтулы мереке - мемлекетіміздің мызғымас бірлігі мен татулығын дәлелдейтін ең ұлық мереке.

Бүгінгі салтанатты шара осы мерекеге орай ұйымдастырылған «25 жұлдызды күн» аясында өтіп отыр.

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы 25 жыл ішінде Қазақстан спорты да барша еліміз сияқты үлкен даму жолынан өтті. Өйткені, бүгінде Тәуелсіз Қазақстанда спорт мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналды. Егемен еліміздің спортшыларыосы жылдары халықаралық спорт ареналарында табысты өнер көрсетті.

Ең бастысы артта қалған 25 жылдық мерзімде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауы арқасында елімізде жүздеген спорт нысандары салынды. Бұқаралық спортпен айналысушылар қатары артты.Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасы осы 25 жыл аралығында өткен барлық Олимпиадалық ойындарға қатысты.

Нәтижесінде төрт жылда бір өтетін жазғы Олимпиадалық ойындарда Қазақстан спортшылары 69 медаль жеңіп алды.

Оның, 19-ы алтын, 22-сі күміс және 28-і қола жүлде.

Бұл арада Жамбыл облысы спортшыларының да Олимпиадалық ойындарда, Әлем және Азия чемпионаттары мен ірі көлемдегі халықаралық жарыстардағы табыстары да жетерлік.

Қасиетті Әулиеата өңірінің атын алысқа шығарған даңқты спортшыларымыз Жақсылық Үшкемпіров, Евгений Яровенко, Серік Қонақбаев, Рашид Кабиров, Алмас Мұсабеков, Сәлкен Жартыбаев, Ерік Мамадияров, Дидар Молдағалиев пен Нұрлан Джарашуевтардың жеңісті жолдарын жалғастырған  Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері Ермахан Ибраимов, Бақтияр Артаев, Болат Жұмаділов, Болат Ниязымбетов, Ислам Байрамуков, Акжүрек Таңатаров сияқты  спортшыларымыз бар.

В целом, спортсменами области с 2011 года по сегодняшний день на чемпионатах и кубках Мира, Азии завоевано 613 медалей (золотых – 276, серебряных – 176, бронзовых - 161), чемпионатах (Кубках) Республики Казахстан - 3766 медалей, международных турнирах – 709, всего 5 тысяч 88 медалей.

В 2014 году на Азиатских играх в составе сборной команды Республики Казахстан от области принимали участие 22 спортсмена, которыми завоевано 8 медалей, в том числе 3 золотых, 2 серебряных, 3 бронзовых.

На Олимпийских играх, состоявшихся за годы Независимости, спортсмены Жамбылской области  завоевали 9 медалей, на Сурдлимпийских и Паралимпийских играх – 2 золотых медали.

А на нынешних летних Олимпийских играх, прошедших в Бразилии, первую награду казахстанской сборной команды -  серебряную медаль завоевал жамбылский дзюдоист ЕлдосСметов.

А на Параолимпийских играх золото завоевала ЗульфияГабидулина, которая обновив мировой рекорд по плаванию, стала первой чемпионкой среди спортсменов с ограниченными физическими возможностями в истории страны.

Также спортсмены области на республиканских и международных спортивных соревнованиях достигли высоких результатов по видам спорта.

Среди них: участник Олимпиады в Рио и чемпионата Мира, чемпион Азии боксер О.Саттибаев, чемпион Мира по  тяжелой атлетике Ж.Кыдырбаев, трехкратный чемпион «Қазақстан Барысы»Б.Ыстыбаев,трехкратный чемпион Мира, двукратный обладатель Кубка Мира, обладатель интерконтинентального пояса лиги среди профессионалов  (PAL)Д.Трубин, бронзовый призер Чемпионата мира по боксу Г.Жайлауов, чемпион мира по каратэ-до Г.Гафурова, бронзовый призер Чемпионатов Мира и Азии по вольной борьбе М.Аширов, по легкой атлетике М.Красилов, С.Голендова, также таэковондист Р.Жапаров, который на последних Олимпийских играх гордо нес Государственный флаг страны.

Волейбольная команда «Тараз» впервые стала чемпионом Казахстана и завоевала Супер Кубок.

Команда кокпаристов «Әулие-Ата» стала девятикратным чемпионом страны.

Осындай спорттық жетістіктерге жетуде Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Феликс Тихонович Цой, Нұрлан Ақүрпеков, Ахмет Жұмағұл, Ғалымжан Жылгелдиев, Саттар Бейсенбаев, Ахмет Алиев, Елдос Далабай, Фарида Тастекова, Ольга Сергеевна Назарова, Берік Тоқсанбаев сынды жаттықтырушылардың еңбектері зор.

Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі таңда алдымызда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2020 жылға дейін спортпен айналысушылар қатарын 30 пайызға жеткізу міндеті тұр.

Осындай биік мақсаттарды алға қойған Жамбыл облысы спорт құрылымдары өңірде көптеген кешенді жұмыстар атқаруда.

Осы жылдары облысымыздың спорттық құрылымдары нығайып, спорт нысандарының қол жетімділігі артты.Мысалы, 1991 жылы облыс бойынша 28 спорт мектебі жұмыс атқарса, 2016 жылы спорт мекемелерінің жалпы саны 45-ке артып, ондатұрақты спортпен шұғылданушылар саны 21 мыңнан астам спортшыға жетті.

815 жаттықтырушы еңбек етеді.

Сонымен қатар, 2001 жылдары облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны небары 8-ақ пайыз болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 26,5 пайызға артты.   Сондай-ақ, қазіргі таңда облыста 2022спорт нысаны халыққа қызмет етуде.

2011 жылдан бастап облыста 49 спорт ғимараттары іске қосылды, оңын ішінде 12 спорт кешені (оның ішінде мемлекеттік бюджет есебіен -7, жекеменшік қаржысына -5), 35 жасанды төсеніші бар спорт аланшалары, футболшыларға арналған спорттық базасы және «Тараз-Арена» спорт сарайы.

Тараз қаласындағы орталық стадионның  шатырын қайта жаңғырту және жарықтандыру  жұмыстары УЕФА талабына сай жүргізілді.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Жуалы, Қордай және Меркі аудандардың орталық стадиондарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, осы жылдары облыста бұқаралық спортты дамытуға, оның ішінде халық арасында ұмыт қалған қарапайым, қаржыны аз қажет ететін қол жетімді«Аула», және «Көше» ойындары, «Мектеп лигасы» сияқты спорттың бұқаралық сипаттағы шараларын өткізу қолға алынды.

Осындай игі істердің арқасында спорт мекемелерінде спортпен айналысушы балалар санытөрт есеге көтерілді. Бұл спорттық жарыстарды өткізу жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар, облыста дене мүмкіндігі шектеулі жандарды бұқаралық спортқа тарту мәселесін айрықша назарға алып отыр.

Бүгінде 37 546 осындай жандар тұрақты спортпен айналысуда.

Мысалы, жыл басынан бері49 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 854 адам  қатысты.

Дене мүмкіндігі шектеулі спортшыларымызға республикалық және халықаралық деңгейдегі 39 жарысқа қатысуына мүмкіндік жасалды. Нәтижесінде олар 55 алтын, 38 күміс және 20 қола медальға қол жеткізді.

Соңғы жылдары Жамбыл облысы әлемдік деңгейдегі көптеген спорттық шаралар өткізілетін ордалы мекенге айналды.

Атап айтқанда, армрестлингтен ашық Азия Кубогы, Д.А.Қонаев атындағы еркін күрестен халықаралық турнир, бильярдтан Әлем чемпионаты, үш жыл қатарынан қазақ күресінен «Еуразия Барысы» жәневолейболдан Әлемдік лиганың 1-ші кезеңі сынды айтулы жарыстар өткізілді.

Жалпы, бүгінде көптеген спортшыларымыз спорттың бірнеше түрінен Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командаларының мүшелері.

2011-2016 жылдары Қазақстан Республикасы ұлттық құрамаға 684, жастар құрамасына 973, жасөспірімдер құрамасына 723,барлығы облыстың 2380 спортшысы енді.

Сонымен қатар, 2011-2016 жылдары 6 спортшы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері,  51 спортшы - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 341  спортшы - Спорт шебері нормативін орындаса, 12  жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағына ие болды.

Жалпы, биылғы жылы өткізілген барлық спорттық жарыстар мен бұқаралық шаралар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып өткізілді.

Сөзімді қорытындылай келе, Жамбыл спортының саңлақтары мен спорт мектептерінің түлектері алдағы уақыттарда да қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып, жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізе береді деген сенімдемін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, спорттағы жеңісті жолдарымыз ғұмырлы болсын!

 

Рахмет.

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ұлттық спорт ойындары фестивалінің Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Қырықбайұлы Жолдасбековтың  құттықтау сөзі

                

  2016 жылдың  4 желтоқсаны

Құрметті жарысқа қатысушылар!

Қадірменді қонақтар мен аудан тұрғындары!

Бүгін біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  ұлттық спорт ойындары фестивалін тамашалауға жиналып тұрмыз.

Біздің бүгінгі жарысымыз – Ұлт Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.

Жас Қазақ елі спортының бүгінгі жеткен жетістіктері – Ұлт Тәуелсіздігінің жеңісі екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек.

Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев соңғы жылдары елімізде спортты, оның ішінде ұлттық спортты дамытуға айрықша көңіл бөліп келетіндігі Сіздерге белгілі.

Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, ұлтымыздың асыл қазынасы деп білеміз. Өйткені, қазақ күресі, асық ату және тоғызқұмалақ, ордабасы қашан да елдігімізді көтеріп, ұлттық рухты асқақтатып, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеген.

Сондықтан, бабалар аманатын арқалай, ғасырлар қойнауынан жоғалмай жеткен ұлттық спортымыздың ресінің бүгінгі ұрпақ үшін орны ерекше!

Спортпен айналысу жеке тұлғаның денсаулығының нығаюына, оның үйлесімді дамуына, шұғылданушылардың денесінің дамуы мен шымырлануына сеп болатындығы, жастардың дене қабілеттерін (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік) дамытудың және дене тәрбиесінің тиімді құралы болып табылатындығы дәлелденді.

Сондықтан, білекті де жүректі жарысқа қатысушыларға және қадірменді қонақтарға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлері бойынша Жамбыл облысы турнирінің ашылу салтанатына «қош келдіңіздер» дегім келеді.

Ұлттық спортымыздың жыл өткен сайын қарышты қадамдармен дамып келе жатқандығын зор мақтаныш сезіммен айта аламыз. Оның дәлелі ретінді бүгінгі күнге дейін өткен Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері фестивалі ойындарын айтуға болады.

Өздеріңізге мәлім, қазіргі таңда Ұлттық спортымызды Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Бұл, бір жағынан, ұлттық спортты кең көлемде насихаттауға бағытталса, екінші бір жағы шежірісі мен танымы мол ұлттық спортымыздың бұқаралығын арттыруға жәрдемдеседі.

Қымбатты достар! Құрметті спорт сүйер қауым!

Бүгінгі жарысқа қатысушыларға жоғары спорттық жеңіс пен жетістік, бапкерлерге табыс, жанкүйерлерге қуанышты сәттер тілей отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлері ойындары фестивалін ашық деп жариялаймын.


Leave a Reply