2016 жылдығ 9 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен спорт мекемелері мен кәсіпорындарының директорлары, бас есепшілері және заңгерлері арасында «Еңбек қарым-қатынастары кезіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес профилактикасы басқармасының бас маманы – Бегалиев Берік Дүйсембайұлы қатысты.
Семинар-кеңес барысында Б.Бегалиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндірмелер беріп өтті.
Өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын орындау жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.