«Еңбек қарым-қатынастары кезіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері» тақырыбындағы семинар-кеңес туралы ақпарат

2016 жылдығ 9 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен  спорт мекемелері мен кәсіпорындарының директорлары, бас есепшілері және заңгерлері арасында «Еңбек қарым-қатынастары кезіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес профилактикасы басқармасының бас маманы – Бегалиев Берік Дүйсембайұлы қатысты.

Семинар-кеңес барысында Б.Бегалиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндірмелер беріп өтті.

Өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын орындау жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

Comments are closed.