Астана ЭКСПО-2017» ҰК қазақстандық PR-мамандардың пулын жасақтауды жалғастыруда
Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің халықаралық қатысушылары өз павильондарындағы экспозицияларын таныстырып, келушілер қатарын арттыруға бағытталған ақпараттық ілгерілету жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті мамандарды тартуға мүдделі.
Осыған байланысты, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті көрмеге қатысушы мемлекеттермен бірлесе отырып, қазақстандық PR-мамандардың пулын дайындауда.
Бұл тізім Көрменің халықаралық қатысушыларының үшінші жиынында ұсынылады.
Ұйымдастырушылар тарапынан көрмеге қатысушыларға ұсынылатын арнайы тізімде болу үшін, түйіндеме мен портфолионы мына мекен-жайға [email protected] 2017 жылдың 20 ақпанына дейін жіберуге болады.