Еркін күрестен студенттер арасында Әлем чемпионаты

2016 жылдың 23-27 қазан аралығында Корум (Түркия) қаласында еркін күрестен студенттер арасында Әлем чемпионаты өтті.

Чемпионатқа әлемнің 34 мемлекетінен барлығы 200 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында Мейіржан Аширов қатысып, 65 кг салмақ дәрежесінде І-орын иеленді. Жаттықтырушысы Берік Тоқсанбаев.


Leave a Reply