2018 жылдың 12-19 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында, есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының 2-ші Спартакиадасы өтті.
Спартакиадаға 16 командадан 1000-ға жуық спортшылар қатысты. Жамбыл облысының құрама командасынан 45 спортшы 10 спорт түрінен (кіші футбол, үстел теннис, армрестлинг, еркін күрес, Грек-рим күресі, бадминтон, жүзу, дзюдо, шахмат, жеңіл атлетика) қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Жамбыл облысы 5 -орынды иеленді.
1 -орын Алматы қаласы (132 ұпай)
2- орын Ақтөбе облысы (112 ұпай)
3- орын Түркістан облысы (107 ұпай)
4 -орын Қостанай облысы (94 ұпай)
5- орын Жамбыл облысы (92 ұпай)