2017 жылдың 28 – 31 мамыр аралығында Қарағанды қаласы «Шахтер» стадионында зияткерлік мүмкіндігі шектеулі жандар арасында кіші футболдан республикалық турнир өтті.
Аталған жарысқа республиканың 10 командасынан (Қостанай, Павлодар, Семей, Қызылорда, Алматы қалаларынан және Маңғыстау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарынан) 170 спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары І орын иеленді.
Жаттықтырушы: Ізтаева С.К .