Бүгін: 02.12.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2018 жылдың 27-28 қараша күндері «Тараз Арена» спорт сарайында жасөспірімдер арасында ұлттық командалық «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойынынан Жамбыл облысының ашық турнирі өтті. «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ұлттық командалық ойыны Республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Рухани қазына» бағытында, ұлттық ойындарын іске асыру аясында ұйымдастырылуда.

Жарысқа республикамыздың Қызылорда облысы Шиелі ауданынан және Тараз қаласы мен  аудандардан барлығы 80 спортшы қатысты.

Жарыстың жалпы басшылығын  Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Тоғызқұмалақ қазақ ұлттық ойын қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.

Жарысты өткізудің негізгі мақсаты: «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру, ұлттық командалық «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойын түрін халықтық, бұқаралық спорт түріне айналдыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды отан сүйгіштікке,  патриоттық сезімге  тәрбиелеу болып табылады.

Жарыс қорытындысы бойынша төмендегі командалар кубоктар, медальдар және дипломдармен марапатталды.

            1 орын – Қызылорда облысы

            2 орын – Қордай ауданы

            3 орын – Меркі ауданы

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары