Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 9 мамыр Ұлы жеңіс күні мерекесіне арналған көкпар және аударыспақтан Жамбыл облысы чемпионаты

2016 жылдың 8-9 мамыр аралығында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында орналасқан атшабарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 9 мамыр Ұлы жеңіс күні мерекесіне арналған көкпар және аударыспақтан Жамбыл облысы чемпионаты  өтеді.

Чемпионатқа облыстың аудан құрама командалары қатысады.

Чемпионаттың басталуы (іріктеу ойындар) 8 мамыр күні, сағат 10:00-де.

Чемпионаттың Ашылу салтанаты  8 мамыр күні, сағат 12:00-де.

 Ақтық сайыстар, марапаттау рәсімдері мен жабылу салтанаты 9 мамыр күні сағат 10:00-де басталады.

Ұйымдастырушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Көкпар ойыны Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бекіткен ережесіне сәйкес өтеді. Ойын 20 минуттық 2 таймнан тұрады. Екі таймның арасындағы үзіліс 10 минут.

Аударыспақ Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бекіткен ережесіне сәйкес 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өтеді.

Жарыста I, II, III орын  алған командалар мен  спортшылар  арнайы  медаль, кубок,  дипломмен  және  бағалы  сыйлықтармен  марапатталады.

Comments are closed.