Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2016 жылға арналған ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

№Р/с

Іс-шара атауы

Іске асыру кезеңі

Аяқталу  нысаны

Орындалуына жауаптылар

1

Мекеменің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы айдарын жаңалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттарды (Стратегия, жаңадан қабылданған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының мәтіні, осы бағытта өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер) орналастыру

жыл бойы

Ақпараттарды жаңартып тұру

Ұйымдастыру және құжаттама бөлімі

2

Мемлекеттік орган ғимаратында арнайы арыз-шағымдар жәшігін, азаматтарды қабылдау кестесін, сенім телефоны туралы ақпараттық стенд орналастыру

тұрақты

Ақпараттық стенд

Ұйымдастыру және құжаттама бөлімі

3

Мемлекеттік орган басшысы тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақалалар немесе сұхбаттар жариялау

жылына бір рет

БАҚ-да мақалалар, МҚІМ ЖОД-не есеп

Ұйымдастыру және құжаттама бөлімі

4

Мемлекеттік орган қызметкерлері тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақалалар жариялау

тоқсанына бір рет

БАҚ-да мақалалар, МҚІМ ЖОД-не есеп

Ұйымдастыру және құжаттама бөлімі

5

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мекеме қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыптарында құқықтық оқытулар («дөңгелек үстел» отырысы, семинар, дәріс, кездесулер және т.б.) ұйымдастыру

тоқсанына бір рет

Құқықтық оқытулар, хаттама

Тиісті мекеменің құрылымдық бөлімі,

МҚІМ ЖОД

9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай арнайы іс-шара ұйымдастыру

желтоқсан

Іс-шара,

МҚІМ ЖОД-не есеп

Тиісті мекеменің құрылымдық бөлімі

Ескерту: Іс-шаралар жоспарында көрсетілген тармақтардың орындалуы бойынша ҚР МҚІМ ЖОД-нің Сыбайлас   жемқорлық профилактикасы басқармасына мерзімдеріне сәйкес тиісті ақпаратты жолдау қажет.

Аббревиатураның толық жазылуы:

МҚІМ ЖОД – Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

Comments are closed.