«ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне арналған облыс әкімдігі, құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы кіші футболдан облыстық турнирі

2017 жылдың 4 наурыз күні  Тараз  қаласы “Тараз-Арена” спорт сарайында  «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне арналған облыс әкімдігі, құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы кіші футболдан облыстық турнирі өтті.

Аталған турнирге барлығы 6 командадан (Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті, Жамбыл облысының әкімдігі, Жамбыл облыстық соты, Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті) 60  спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы төмендегідей:

         І орын - “Ішкі істер департаменті” құрама  командасы;

ІІ орын - “Ұлттық қауіпсіздік комитеті” құрама  командасы;

ІІІ орын - “Облыс әкімдігі” құрама  командасы;

ІV орын - “Мемлекеттік кіріс департаменті”құрама  командасы.


Leave a Reply