2019 жылдың 11 – 15 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында қазақ күресінен 2002 – 2003 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа барлығы 600-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алып төмендегідей нәтиже көрсетті:
51 кг – Жұманәлі Еркебұлан – І орын
51 кг – Темірлан Нұрдаулет – І орын
72 кг – Талғат Нұртілеу – І орын
81 кг – Нұрмаханбетов Шокан – І орын
46 кг – Дүйсенбек Асылхан – ІІ орын
+81 кг – Жұмабай Жантөре – ІІ орын
46 кг – Ахметғали Әділет – ІІІ орын
51 кг – Тілепберген Шыңғысхан – ІІІ орын