Семинар-кеңеске «Нұр Отан» Партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің мүшесі, Әділет департаменті басшысының м.а. - Дайрабаев Дәурен Жигулиұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы – Амирбеков Ерболат Ерланбекұлы, Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы – Сапаралиева Лейла Әлдиханқызы және басқарма қызметшілері, облыстың спорт мекемелері мен кәсіпорындары басшылары, бас есепшілері (барлығы 72 адам) қатысты.
Шара барысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасаған үшін тәртіптік және қылмыстық жауакершілікке тартудың өзекті мәселелері талқыланып, «ҚР мемекеттік сатып алу туралы» заңы нормаларына түсіндірмелер берілді.