- Кіріспе.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз» кәсіпқой футбол клубы», «Тараз-Арена» ШЖҚ КМК, «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК-нің қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді: «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы-заңгері – Е.Айдаровпен, электрондық поштасының мекен-жайы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., тел.:87262455952.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2017 жылдың 21-31 тамыз аралығы.
- Бақыланатын кезең: «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз» кәсіпқой футбол клубы», «Тараз-Арена» ШЖҚ КМК, «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК-нің 2017 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығындағы қызметі.
- Ақпараттық-талдамалық бөлім.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу барысында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз» кәсіпқой футбол клубы», «Тараз-Арена» ШЖҚ КМК, «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық қолдану тәжирибесі, спорт мекемелерінің қызметтері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық-ақпарат құралдарындағы басылымдар зерделенді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі бойынша спорт мекемелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ.
- Қорытынды.
«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз» кәсіпқой футбол клубы», «Тараз-Арена» ШЖҚ КМК, «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК-нің қызметкерлерінің заңнамалық актілерді жетік меңгеруі мақсатында сала мамандарын тарта отырып семинар-кеңес, құқықтық оқулар жүргізу.