Бүгін: 19.01.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 санаты үшін:

жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

теңгеден

теңгеге дейін

D-O-4

83 282

112 431

 

Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маман-заңгері, 1 бірлік, санаты D-О-4, №5-2.

Функционалдық міндеттері: бөлімнің ағымды және алдағы жоспарларын әзірлеуге қатысады. Меншік иесіне қарамастан спорт ұйымдарының қызметін ұйымдастыру барысында заңгерлік, әдістемлік, кеңестік көмектер көрсетеді. Басқарманың мемлекеттік функцияларын жүзеге асыру барысында шығарылатын нормативтік актілердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін зерделейді, негізгі қызмет бойынша шығарылған бұйрықтарды ресімдейді, тіркеуден өкізеді. Спорт саласына қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлейді, оларды келісуден өткізеді. Басқарма атынан сотта және басқа да мемлекеттік органдарда құқықтық жағынан өкілдік етеді. Басқарма басшысы қол қоятын нұсқамаларға, ережелерге, хаттамалық шешімдерге, әріптестер алқасы мәжілісінің қаулыларының қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігін тексереді. Спорт жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның, сондай-ақ облыс әкімдігі, облыс мәслихаты бекіткен іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыстарды жүргізеді, тоқсан айын сараптама жасайды, облыс прокуратурасына ақпарат дайындауды және БАҚ-қа, басқарманың интернет-ресурсына ақпарат орналастыруды қамтамасыз етеді. Басқарма туралы Ережеге, басқарма бағынысындағы спорт мекемелері мен кәсіпорындарының Жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы басқарма басшысына ұсыныстар енгізеді. Басқармамен жасалатын шарттардың, келісімдердің және мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушімен жасалатын шарттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексереді және дербес жауап береді. Басшылық тапсырған өзге де қызметтерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - құқық саласындағы. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік  мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Құқықтану мен іс-қағаздарын жүргізу негіздерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт түрлерін дамыту бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, санаты D-О-4, №3-3.

Функционалдық міндеттері: бөлімнің алдағы және ағымды жоспарларын дайындайды. Дене шынықтыру және спорт саласы мамандарының қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізуге жауап береді. Дене шынықтыру және спорт саласына байланысты қабылданған  нормативтік-құқықтық актілердің дер кезінде спорт мекемелері мен кәсіпорындарына таратылуын қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен спорттық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес аймақта өткізілетін спорттық жарыстардың күнтізбелік жарыстарының жоспарын әзірлейді. Басқарма өткізетін семинарлардың, конференциялардың жұмысын ұйымдастыруға қатысады. Облыс әкімінің және басқарманың интернет порталын ақпараттармен толтырылып және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органға марапаттауға ұсынуға материалдар әзірлейді. Спорт мекемелері мен кәсіпорындарының қызметін ұйымдастыру мәселелері жөнінде әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi. Бөлімнің іс-қағаздарын жүргізеді, талдау жасайды, мұрағатқа өткізілуін қаматамасыз етеді. Басқармамен спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уәкілетті органмен бекітілген қағидаларының нормалары мен талаптарына сәйкес жүргізілуін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына зерделеу жүргізеді, нәтижелері бойынша талдаулар жасайды, ақпараттар дайындайды және бөлім басшысын хабардар етеді. Әр түрлі деңгейдегі спорттық атақтар мен санаттар беруге уәкілетті органға ұсынымдар әзірлейді.  Облыс әкімінің және басқарманың сайтына қажетті материалдарды жариялау жұмыстарын жүргізеді. Басқарма бағынысындағы барлық спорт мекемелері мен кәсіпорындардағы спортшылардың жетістіктеріне талдау жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Басшылық тапсырған өзге де қызметтерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы - дене шынықтыру және спорт немесе экономика немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе қоғамдық байланыс немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе туризм немесе әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету немесе мәдени-тынығу жұмысы.

 «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар  мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, санаты D-О-4, №4-2.

Функционалдық міндеттері: бөлімнің алдағы және ағымды жоспарларын әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің нұсқауларына сәйкес облыстық бюджеттің орындалуы туралы бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік жүйені жүргізеді. Аппараттың бухгалтерлік есеп жөніндегі жеке қаржы жоспарын Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің нұсқамаларына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді. Басқарма бағынысындағы мекемелер мен кәсіпорындардан айлық, тоқсандық, жылдық есептерін алу және ақпараттық жүйеде (компьютерде): бюджеттің орындалуы жайлы айлық есеп, кредиторлық қарыз туралы есеп пен дебиторлық есептің  жиынтығын жинап, облыстық Қазынашылық басқармасымен 420 нысаны бойынша жинақталған ведомостарды алып, сәйкестігін салыстырады. Басқарманың жеке қаржы жоспарларына сәйкес дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметін қамтамасыз етеді, облыстық деңгейде  спорттық жарыстарды өткізу, әртүрлері спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының  мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы жөніндегі бағдарламалардың орындалу жөніндегі іс-шаралардың қаржылық және есептік құжаттарын әзірлейді. Бухгалтерлік есеп және есептілік жүргізу бойынша және жеке қаржылық жоспарларының орындалуы жөнінде  басқарма бағынысындағы спорт мекемелері мен кәсіпорындарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Басқарманың жеке қаржылық жоспарларын дайындап оларға өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды әзірлейді. Басқарма бағынысындағы спорт мекемелері мен кәсіпорындарынан ағымды және жылдық есептерін алады, оларды қарайды, қорытынды жасайды және дұрыстығын қадағалайды, олардағы тауарлы материалдық құндылықтардың, негізгі құралдарды есептен шығару құжаттарын дайындайды. Дене шынықтыру мен спортты дамыту стратегиясы, мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында спортты дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлейді және есебін жасайды. Басқарма мен басқармаға қарасты спорт мекемелері мен кәсіпорындарының бюджет жобасын әзірлеу жұмыстарын қадағалайды және  шығыс сметасы бойынша жиынтық жоспарын құрады, олардың бюджеттік өтінімдеріндегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді. Спорт мекемелері мен кәсіпорындарының тарификация өткізу және дұрыстығы мен толықтығын қадағалайды. Басқарма бағынысындағы спорт мекемелері мен кәсіпорындарындағы штаттық бірлік, құрылым және оқушылардың саны туралы мәліметті функциональдық  топтарға сәйкес ақпараттық жүйеде жыл сайын жинақтайды. Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындайды. Басқарма туралы Ережеге сәйкес  жүктелген міндеттер мен функцияларың орындалуына жеке жауап береді. Басқарманың әріптестер алқасының мәжілісіне бухгалтерлік есеп және есеп жүргізу бойынша күн тәртібіне мәселелер енгізеді.  Басшылық тапсырған өзге де қызметтерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексін, Еңбек Кодексін, Салық кодексін, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын және бухгалтерлік есеп пен есептілік негіздерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)  3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)  бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)  құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Конкурска қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін D-О-4 санаты бойынша келесі тестілеуді бағдарламасы қарастырылған:  мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тапсырма (10 тапсырма), ҚР Конституциясын (15 сұрақ), «ҚР Президенті туралы» (15 сұрақ) ҚР конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) ҚР Заңдарың, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі, мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  505, 511 – іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:             43-36-75, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..   

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясының үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылуы мүмкін.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

     

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
  (қолы)                                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары