2017 жылдың 20-21 мамыр аралығында Тараз қаласы «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы» (Жамбыл даңғылы, №16»г») спорт кешенінде Қазақстан Республикасының 4-ші Жастар ойындары бағдарламасындағы дзюдо жарысы өтті.
-
Жарыс 1997-1998 жылдары туылған ұлдар арасында 8 (55кг, 60кг, 66кг, 73кг, 81кг, 90кг, 100кг, +100кг), қыздар арасында 8 (44кг, 48кг, 52, 57кг, 63кг 70 кг, 78кг, +78кг) салмақ дәрежесі бойынша өтті. Жарысқа республиканың 13 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 210 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 16 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті.
А.Карчаева 57 кг І орын
Е.Кудаева 70 кг ІІІ орын
Н.Салимбаев 60 кг ІІІ орын
Б.Шаймерденов 73 кг ІІІ орын
А.Абихай 100 кг ІІІ орын
Ұлдар арасында облыстың аға жаттықтырушысы – Б.Ақбергенов.
Қыздар арасында облыстың аға жаттықтырушысы – С.Өміралиев.