2018 жылдың 6 мамыр күні Тараз қаласында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай облыс тұрғындары арасында велошеру өтті.Велошеру бағыты: «Достық» орталық алаңы - «Әулие Ата» әуежайы (10 шақырым).Велошеруді өткізу бойынша үйлестіруді Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Тараз қаласының әкімдігі бірлесе жүзеге асырды.
Велошеруге облыс әкімінің аппараты, облыс әкімдігінің басқармалары, құқық қорғау және сот органдары, аумақтық басқармалар мен мекемелер, Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің аппараттары, акционерлік қоғамдар, Тараз қаласында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелер, жоғарғы және арнайы орта оқу орындары мен қала тұрғындарынан 300-ден астам адам қатысты.