2016 жылдың 14 маусымында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт мекемелері мен кәсіпорындары қызметшілері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес профилактикасы басқармасының бас маманы – Әлібеков Серік Айдарұлы қатысты.

Семинар-кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы бойынша  түсіндірмелер беріліп, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері, спорт мекемелері мен кәсіпорындарының басшыларына жұмыс барысында «Сыбайлас жемқорлаққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын басшылыққа алып, заң талаптарын ұдайы қатаң сақтап, мүлтіксіз орындалуын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

Comments are closed.