Бүгін: 29.09.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2018 жылдың 19 қыркүйек күні облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті. Аталған кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшы орынбасары Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы, «Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы» КММ қызметкерлері,   облыстағы қоғамдық ұйымдар мен федерация өкілдері қатысты.

2018 жылдың 22 маусым күні облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті. Аталған кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Ізімбетов Назарбек Әжібекұлы, «Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы» КММ қызметкерлері,   облыстағы қоғамдық ұйымдар мен федерация өкілдері қатысты.

2018 жылдың 1 маусым күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Әкем, анам  және мен – спорттық отбасы» облыстық спорттық фестивалі өтті. Фестиваль 5 кезең («Көңілді секірмек», «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін», «Отбасылық таңғы ас», «Салют», «Ғарышқа ұшу») бойынша өткізілді.Фестивальге 9 отбасынан 27 адам қатысты (12 жасқа дейінгі балалар және ата-аналар).

2018 жылдың 19 мамыр күні Тараз қаласы Н.Тлендиев атындағы мектеп-интернатында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен мектеп жасындағы қыздар мен ұлдар арасындағы «Зияткерлік спорттық ойындар» фестивалі өтті. Фестивальге 8 командадан (Жамбыл, Байзақ, Қордай, Шу, Талас, Жуалы, Т.Рысқұлов аудандары және Тараз қаласы) 240 спортшы қатысты. 

2018 жылдың 16 мамыр күні Тараз қаласы, «Махаббат» аллеясында Астана қаласының 20 жылдығына арналған көше ойындарынан Жамбыл облысының чемпионаты өтті.  Аталған жарысқа 237  спортшы қатысты. Көше ойындарының облыс чемпионаты жас ерекшеліктері бойынша спорттың 8 түрінен өткізілді: стритворкаут, армрестлинг, мас-рестлинг, армлифтинг,  народный жим, гір спорты, арқан тарту, стритбол. 

2018 жылдың 12 сәуір күні Тараз қаласындағы орталық «Достық» алаңында  Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Аула ойындары фестивалі» өтті. Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Аула ойындары фестивалі» Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Рухани қазына» бағытына бұқаралық ойындарын іске асыру аясында еңгізілген, осыған орай аталған жарыс төртінші рет облыста ұйымдастырылды. Аула ойындары спорттың 5 түрі бойынша өткізілді: қалашық, ләңгі, асық ату, қашпа доп (выбивалы) және секірмек (скакалки). Команда үш түрлі жас ерекшеліктерінен тұрады: жасөспірімдер 10-14 жас; жастар 14-18 жас; ересектер 18 жастан жоғары.

 

 

Әлеуметтік жобаның атауы

 

1

«Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған, іс-шараны ұйымдастыру және өткізу. Облыстық «Аула ойындарының» спорттық фестивалі»

2

Бұқаралық спорт түрлерінен «Мен салауатты өмір салтын таңдаймын» ұранымен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыстық «Көше ойындары»

3

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында, іс-шараны ұйымдастыру және өткізу. «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» облыстық спорттық фестивалі»

4

Мектеп жасындағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Зияткерлік ойындар» (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ) ұйымдастыру

5

«Облыс тұрғындары арасында бұқаралық спортты насихаттау бойынша бейнеролик дайындау және орналастыру»

6

Жыл қорытындысы бойынша «Ең үздік» деген номинациялар бойынша (спорт мекемесі, жаттықтырушы, федерация, спортшы және т.б.) марапаттауды ұйымдастыру

  

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары