2018 жылдың 22 маусым күні облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті. Аталған кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Ізімбетов Назарбек Әжібекұлы, «Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы» КММ қызметкерлері, облыстағы қоғамдық ұйымдар мен федерация өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдармен 2018 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, сонымен қатар 2019 жылға жоспарланған әлеуметтік жобалардың тақырыптары талқыланды.