2017 жылдың 11 мамыр күні Тараз қаласындағы, Қ.Рысқұлбеков саябағында «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне арналған жасөспірімдер арасында «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойынынан Жамбыл облысы турнирі өтті.
- 41
Турнирді өткізу мақсаты: ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, үздік спортшыларды анықтау. Аталған турнирге Тараз қаласы мен аудандардан, 6 командадан 60 спортшы қатысты.
2017 жылдың 27 сәуір – 3 мамыр аралығында Щучинск қаласында бокстан Қазақстан Республикасының 4-ші Жастар спорттық ойындары өтті.
- 37
Жарысқа Республиканың 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 163 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 11 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті.
2017 жылдың 1-2 мамыр аралығында «Тараз-Арена» спорт сарайында самбо күресінен 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
- 23
Чемпионатқа Республиканың 12 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 360 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 36 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті.
Ұлы Жеңістің 72 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай облыс тұрғындары арасында велошеру
- 24
2017 жылдың 6 мамыр күні Тараз қаласында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай облыс тұрғындары арасында велошеру өтті.
Велошеру бағыты: «Достық» орталық алаңы - «Әулие Ата» әуежайы (10 шақырым).
«Дені сау ұлт – Қазақстанның болашағы!» ұранымен аула ойындарының облыстық спорттық фестивалі
- 30
2017 жылдың 3 мамыр күні Тараз қаласындағы орталық стадионда «Дені сау ұлт – Қазақстанның болашағы!» ұранымен аула ойындарының облыстық спорттық фестивалі өтті.
Бокстан ересектер арасында Азия чемпионаты
- 14
2017 жылдың 30 сәуір – 7 мамыр аралығында Ташкент (Өзбекстан) қаласында бокстан ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Азияның 29 мемлекетінен барлығы 200 жуық спортшы қатысты. Жамбыл облысынан ҚР Ұлттық құрама командасының сапында Әбілхан Аманқұл (75 кг) қатысып ІІІ орын иеленді.
Жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков.