2017 жылдың 8-9мамыр күндері Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылындағы атшабарда 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Құрметті спорт қайраткері Н.Момыновты еске алуға арналған ұлттық ат спорты ойындары көкпар, аударыспақ және теңге ілуден ересектер арасында Жамбыл облысының ашық турнирі өтті.
Аталған турнирге Ақтөбе облысының және Жамбыл облысының аудандарынан, 5 командадан 80 спортшы қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаз – жүлдегерлер анықталды:
Көкпар ойыны бойынша:
І орын- Жуалы ауданы;
ІІ орын- Қордай ауданы;
ІІІ орын- Байзақ ауданы
- «Үздік ойыншы» - Тойбаев Асқат (Байзақ ауданы)
- «Үздік шабуылшы» - Маратұлы Бейбарыс (Жуалы ауданы)
- «Үздік сәйгүлік» - «Қасқа» (Қордай ауданы)
Теңге ілу:
І орын – Дүйсенғалиұлы Жасұлан (Жуалы)
ІІ орын – Смағұл Ринат (Ақтөбе обл.)
ІІІ орын – Қанат Спанқұл (Қордай)
Аударыспақ:
70 кг салмақ дәрежесі
1 орын – А.Тұрсынбаев (Ақтөбе)
2 орын – Қ.Қуанышұлы (Байзақ)
3 орын – А.Қожахмет (Қордай)
80кг салмақ дәрежесі
1 орын – М.Өркенұлы (Жуалы)
2 орын – А.Қожахмет (Қордай)
3 орын – Б.Төребек (Ақтөбе)
+80кг салмақ дәрежесі
1 орын – Е.Қайсаров (Қордай)
2 орын – Ж.Ембергенов (Ақтөбе)
3 орын – Ж.Мұратов (Жуалы)