2017 жылдың 1 маусым күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» облыстық спорттық фестивалі өтті. Аталған жарыстың қалалық және аудандық іріктеу кезеңіне 98 отбасынан 294 адам қатысты, ал облыстық жарысқа Тараз қаласы және 8 ауданнан барлығы 9 отбасынан 27 адам қатысты (12 жасқа дейінгі балалар және ата-аналар).
Фестиваль 5 кезең («Көңілді секірмек», «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін», «Отбасылық таңғы ас», «Салют», «Ғарышқа ұшу») бойынша өткізілді.
Жарысты ұйымдастырушы - Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы. Сонымен қатар жарысты өткізудің жалпы үйлестіруін «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Бұқаралық-спорттық шараларды өткізу орталығы» КММ мен «Ел Ұрпағы» жастар Қоры» қоғамдық бірестігі жүзеге асырды.
Жарыстың мақсаты – балалар мен ата-аналар арасында саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау, олардың бос уақытын тиімді пайдалану арқылы спортпен шұғылдануға тарту болып табылады.
Жарыс нәтижесі төмендегідей:
І орын – Шу ауданы «Асыловтар» отбасы
ІІ орын – Жамбыл ауданы «Дүйсенбиевтер» отбасы
ІІІ орын – Т.Рысқұлов ауданы «Тілеубековтар» отбасы.