Бүгін: 02.10.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толып отыр. 20 қыркүйек күні Қордың барлық филиалдарында осы айтулы датаға арналған халықпен дәстүрлі кездесу  - Ашық есік күні өтеді. Еліміздің зейнетақы жүйесінің жұмысы туралы кеңірек білу үшін біз «БЖЗҚ» АҚ-ның филиалының директоры Джармуханбетов Н.А.  әңгімеге тарттық.

 Наурызхан Азимович, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшелігі неде және бұл жүйеге көшуіміздің себебі қандай?   

Кеңес Одағының кезінде ортақ зейнетақы жүйесі жұмыс істеді. Оның мәнісі – экономикалық белсенді тұрғындардың қарттардың алдындағы жауапкершілігіне құрылған.  Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұл зейнетақы жүйесін бұрынғы кеңестік жүйеге кірген барлық мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да мұраға алды. Бірақ оның бірнеше кемшіліктері болды. Біріншіден, тәуелсіз Қазақстанда туу көрсеткіші азайып, қарттардың саны өсті. Бұл өз кезегінде зейнеткерлер мен жұмыс істейтіндердің пропорционалды ара қатынасын бұзды. Екіншіден, елде жұмыссыздық көбейді. Үшіншіден, жұмыс істейтіндердің табысы мен зейнетақы көлемі арасындағы байланыс әлсіреп кетті. Яғни, табысы бірдей немесе әртүрлі азаматтардың  бірдей зейнетақы алуы мүмкін еді. Әрі азаматтардың жеке зейнетақы шоты жоқ болғандықтан, олардың зейнетақы жинақтарын нақты есептеу мүмкін болмады. Бұл азаматтардың өздерінің болашағына керекті зейнетақы жинауға ынталандырмайтын.

Сондықтан, 1998 жылы зейнетақы реформасының басты мақсаты – азаматтардың болашақ зейнетақысына қатысты жауапкершілігіне негізделген әділетті зейнетақы жүйесін қалыптастыру болатын. Жаңа жүйеге негіз ретінде 80-жылдары  әлем бойынша озық болып танылған Чили үлгісі алынды. Қазақстан оның басты қағидаты  - зейнетақы жарналарының міндетті сипатын қабылдады.

 2013 жылы барлық жеке қорлар жабылып, жалғыз мемлекеттік қор қалды. Мұның себебі неде? Олар өз жұмысын ақтамады ма?  

Зейнетақы нарығындағы бәсекелестік алғашында  жақсы нәтиже бергенімен,  уақыт өте жеке қорлардың әлсіз тұстары біліне бастады. Кейде қорлар бәсекелестік жағдайында жаңа салымшылардың орнына бір-бірінің салымшыларын тартып алып отырды. Ол аздай көптеп табыс табу үшін күмәнді құралдарға инвестиция салып, табыс табудың орнына шығынға батқан жағдайлар да болды.

Азаматтардың жинақтарын басқару қауіпсіз әрі тиімді болу үшін 2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы құрылды. БЖЗҚ-ға жүктелген негізгі міндеттер – салымшылардың зейнетақы шоттарының есебін дұрыс жүргізу, олардың жай-күйін бақылау, салымшылардың  деректемелеріне тиісті өзгерістер енгізіп отыру, ақпараттық –түсіндірмелік жұмыс жүргізу, зейнетақы төлемдерін жасау ретінде көрініс тапты.

БЖЗҚ-ның құрылуы қандай өзгерістер әкелді?   

БЖЗҚ-ның құрылуы және зейнетақы активтерінің біріктірілуі нарықты өзгерткенімен, зейнетақы   жүйесінің құрылымын өзгерткен жоқ. Қазақстанда көп деңгейлі жүйе мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жеке шоттардың жүргізілуі, жинақтардың жекеменшігі және олардың мұраға қалдырылуы, зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік сынды негізгі параметрлері бұрынғыша қалды.  Жиынтық зейнетақы да бұрынғыша екі көзден -  мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинағы есебінен қаржыландырылады.

БЖЗҚ-ның құрылуы салымдарды есептеу мен сақтауға кететін операциялық шығындар мен әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.  Тиісінше, комиссиялық шығындар жеке қорлардыкімен салыстырғанда екі есе азайды. Сонымен қатар, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды жою, жаңа электрондық қызметтер енгізу, олардың үлесін арттырудың арқасында комиссиялық сыйақылар тағы да төмендеді.  Тағы бір маңызды жәйт – мүдделес тұлғалармен келісім-шарт жасау мүмкіндігіне тосқауыл қойылды. Салымшылардың бір қордан екінші қорға ауысуы доғарылды. Осылайша жүйенің тағы бір осал тұсы жойылды. Бірыңғай базаның арқасында қате техникалық шоттар барынша азайтылды. Мұның бәрі зейнетақы жүйесін нығайтуға мүмкіндік берді.

Жинақтаушызейнетақы жүйесіне толығымен өтуіміз мүмкін бе?

Көп деңгейлі зейнетақы жүйесі ойдағыдай жұмыс істеп келеді және бұл жүйені таңдауымыздың дұрыс екендігін уақыт дәлелдеп берді. Сондықтан жүйенің диверсификация қағидатын сақтауымыз қажет.

2040 жылдары зейнетке 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар шыға бастайды. Яғни, ортақ компонент толығымен жойылып, оның орнын жинақтаушы жүйе басады. Сондықтан БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына жүйелі түрде зейнетақы жарналарын аударып, жұмыс берушінің өз міндетін адал атқарып жүргенін тексеріп  тұрған  жөн.  Сонымен қатар,  ерікті зейнетақы жарналарын барынша көбірек аудару керек.

Сонда мемлекет азаматтарды зейнетақымен қамту жұмысына араласпады ма?

Көп деңгейлі жүйе мемлекет, жұмыс беруші мен жұмыскердің ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет қазақстандықтарды, азаматтығы жоқ тұлғаларды, елімізде тұратын шетелдіктерді зейнетақымен қамсыздандыру туралы міндеттемесінен бас тартпайды. Керісінше, биылдан бастап базалық зейнетақы жүйесі әлеуметтік әділеттілік қағидатына сай, халықты зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру үшін одан әрі жетілдірілді. Он жылдан кем жарна төлегендерге төменгі өмір сүру шегінің 54 пайызы төленіп, әрбір қосымша жыл үшін 2 пайыз қосылады. Егер азамат 20 жыл жұмыс істесе, төменгі өмір сүру шегінің 74 пайызын, 33 жылдан жоғары – 100 пайыз мөлшерінде  базалық зейнетақы белгіленеді.

Әңгімеңізге рахмет!

 

 

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары