Бүгін: 19.07.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2019 жылдың 16 – 21 сәуір аралығында Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылындағы ипподромда Ұлттық ат спорттың көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спорты түрлерінен Жастар арасындағы ұлттық ат спорты түрлерінен Бірінші Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қытай, Ресей, Малайзия, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінен 142 спортшы қатысты.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша «көкпар» спортынан Қазақстан Республикасының құрама командасы жеңімпаз атанды. Ұлттық құраманың сапында Жамбыл облысының 5 спортшысы Тұрғанбек Құрманбек, Жарылқасын Ернар, Камелхан Ернұр, Әзімбаев Ерсұлтан және Мәлімбай Ернет ойын көрсетті.

Жамбы ату спорты бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының сапында Жамбыл облысының спортшысы Бабажан Бақдәулет І орынды жеңіп алып, Азия чемпионы атанды.

 

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары