Бүгін: 20.07.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2019 жылдың 5  мамыр күні Тараз қаласы, «Тараз» орталық стадионында  футболдан әуесқойлар арасында Жамбыл облысының чемпионаты басталды.

Чемпионатқа 10 ауданнан және Тараз қаласынан жасақталған 18 командадан 300-ден аса спортшының қатысуы жоспарлануда.

Чемпионат 2-кезеңде топтық жүйе бойынша өткізіледі. Топтық ойындар айналмалы жүйемен өтеді.

1- кезең – іріктеу;

1-кезеңде барлық командалар 3 топқа бөлінеді (жеребе арқылы):

1-топ – Шу, Қордай, Мойынқұм, Меркі, Тұрар Рысқұлов аудандары, мерзімі: мамыр-қазан.

2-топ – Талас, Сарысу, Жамбыл, Байзақ, Жуалы аудандары,  мерзімі: мамыр- қазан.

3-топ – Тараз қаласы командалары, өтетін орны – қалалық стадиондар,мерзімі:  мамыр- қазан.

2-кезең – ақтық;

2-кезеңде 1,2 топ жеңімпаздары және 3 топтан 2 команда айналмалы жүйемен облыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.

2-кезең Тараз қаласында қазан айында өтеді.

Аталған жарысты ұйымдастырып өткізуге басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асырады.

Чемпионатты өткізудің негізгі мақсаты облыста футболды дамыту және насихаттау, әуесқойлар арасында облыстың үздіктерін анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау  болып табылады.

 

2019 жылдың 5  мамыр күні өткізілген чемпионаттың есебі

Талас ауданы – Сарысу ауданы  9:0

Шу ауданы – Мойынқұм ауданы 3:0

Меркі ауданы – Т.Рысқұлов ауданы 10:0

Байзақ ауданы – Жуалы ауданы 3:2

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары