Бүгін: 11.12.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы – 10,2 трлн теңге; міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы – 233,6 млрд теңге және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы - 1,9 млрд теңге болды.

Жыл басынан бері зейнетақы жинақтары 1,04 трлн теңгеге немесе 11 пайызға өсті. Бұл ретте зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша түсімдер – 714,3 млрд теңге; таза инвестициялық табыс көлемі – 481,9 млрд теңге және зейнетақы төлемдері – 154,2 млрд теңге болды. 

Есепті кезеңде БЖЗҚ-да 308,5 мың жеке зейнетақы шоты ашылды. Оның ішінде 273,6 мың шот МЗЖ есебінен ашылғанын айта кеткен жөн. Ал бұл шоттардың 64 пайызын 30 жасқа дейінгі салымшылар ашқан. Қарастырылып отырған кезеңде ай сайынғы міндетті зейнетақы жарналарының орташа сомасы – 17 149 теңгеге жетті.

2019 жылдың 9 айы ішінде белсенді салымшылардың саны – 6,1 млн адам, олардың ішінде 6 және одан да көп жарна жасағандар – 4,6 млн адам болды. 

(2018 жылы белсенді салымшылардың саны – 6,4 млн адам, олардың ішінде 6 жарнадан 12 жарнаға дейін аударғандар саны – 4,96 млн адам болған еді).

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 481,9 млрд теңгеден асты. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде 8,4 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 5,3 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық оң сипатқа ие болып отыр.    

Жыл басынан бері зейнетақы төлемдері 154,2 млрд теңгеге жетті. (Бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 23,2 млрд теңгеге немесе 18 пайызға жоғары). Оның ішінде:  

- зейнет жасына толуға байланысты – 51,0 млрд теңге;

- 1 және 2 топтарда мерзімсіз мүгедектігі бар жандарға – 1,3 млрд теңге;

- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 35,1 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша – 20,2 млрд теңге;

- жерлеуге байланысты – 2,3 млрд теңге;

- басқа тұлғаларға – 0,1 млрд теңге;

- өмірді сақтандыру бойынша компанияға (ӨСК) – 44,1 млрд теңге төленді.

 Кесте бойынша ай сайынғы төлемдердің орташа сомасы 21 022 теңгені құрады. Бұл ретте ең жоғары төлем 514 666 теңге болды.

МЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1,1 млн теңгеге жетті. Оның ішінде жинақтардың орташа сомасы ерлерде – 1,2 млн теңге, ал әйелдерде – 0,92 млн теңгені құрады. Бұл ретте зейнетақы жарналарын Қорға 20 жыл бойы тұрақты аударып келген ер азаматтардың жинақ ақшасының орташа көлемі – 5,1 млн теңге, ал әйелдерде – 3,9 млн теңгеге жетті.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының маңыздылығы және зейнет жасы туралы ерте бастан ойлану керектігі туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Мысалы, 2019 жылдың 9 айы ішінде ел өңірлеріндегі түрлі кәсіпорындарда 25,5 мың көшпелі шара жүзеге асырылды. Бұл кездесулерге 738,5 мың адам қатысты.

Есепті кезеңде зейнетақы қызметтерін көрсету аясында барлығы 13,4 млн операция жүзеге асырылды. Олардың басым бөлігі, яғни 10,8 млн операция (немесе 80,7%) электрондық үлгіде орындалды. Есепті кезеңде БЖЗҚ кеңселерінде 2,5 млн қызмет көрсетілді. Қордың республикалық, облыстық маңызға ие қалаларда және аудан орталықтарында орналасқан 215 кеңсесінде күн сайын 14 мыңдай операция жүзеге асырылады. Бұдан басқа «Қазпошта» АҚ-тың 194 елдімекенде орналасқан бөлімшелерінде БЖЗҚ қызметтері ішінара қолжетімді.

БЖЗҚ-ның әр түрлі байланыс арналары (байланыс орталығы, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және т. б.) арқылы ел азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша қойған 508,2 мың өтініші қаралып, өңделді.

Тұрғындарға арналған «Ашық есік күндері» және журналистер мен сарапшыларға арналған «Қаржы журналистикасы мектебі» шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Олардан басқа БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес сарапшыларымен үш ай сайын кездесу өткізіледі.

Қор сонымен қатар көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және жетілдіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Мысалы, Қор мамандарының күшімен әзірленген ұялы қосымша таяуда қайта жаңартылып, оны қолдану барынша ыңғайлы бола түсті. Еске саламыз, Қордың қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін ұялы қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмірлері мен мекенжайларын көруге болады. Енді осы қызметтердің қатары жаңа мүмкіндіктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына өтініш жасауға мүмкіндік беретін қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкіндік берілсе, онлайн-бот арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады.   

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары