Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылы атқарған қызметтерін алдын ала қорытындылады
Міндетті зейнетақы жарналарын зейнетақы қорына 1998 жылдан бері тұрақты аударып келе жатқан салымшылардың шоттарындағы орташа жинақ сома ерлерде – 5,8 млн теңге, әйелдерде – 4,4 млн теңге. Бұл барлық салымшылардың шоттары бойынша алынған сан.
2019 жылдың қорытындысы бойынша салымшылардың МЗЖ есебінен ашылған шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы – 1,1 млн теңге (2018 жылмен салыстырғанда өсім – 11%), МКЗЖ бойынша – 500,2 мың теңге (өсім – 17%) және ЕЗЖ бойынша – 48,6 мың теңге болды.
2019 жылы БЖЗҚ-да белсенді салымшылардың саны – 6,6 млн адамды құрады.
Зейнетақы шоттарына жарналар орташа есеппен – 8,13 рет аударылды.
МЗЖ бойынша қалыптасқан жинақтардың орташа сомасы ерлерде – 1,2 млн
теңге (жыл басынан бергі өсім – 10%), ал әйелдерде – 942,2 мың теңге (жыл басынан бергі өсім – 12%).