2018 жылдың 30 қаңтар – 04 ақпан аралығында Бішкек (Қырғыз Республикасы) қаласында Кеңестер Одағының батыры Дүйшенқұл Шопоковты еске алуға арналған бокстан ересектер арасында Халықаралық турнир өтті.
Жарысқа Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қазақстан Және Қырғыз Республикасынан барлығы 200 аса спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 8 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті.
- Мұқағали Оралбаев 81кг І орын
- Рүстем Хамидов 49кг ІІІ орын
- Жандос Алибаев 52кг ІІІ орын
- Нұрболат Қожахмет 56кг ІІІ орын
Облыстың аға жаттықтырушысы – Бекзат Спабеков.