Бүгін: 06.02.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Өтетін  мерзімі: 2018 жылғы 11 -12 сәуір

Өтетін жері: Тараз қаласы, Жамбыл облысы

«Алаңдағы тоғызқұмалақ» командалық ұлттық ойыны Республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Рухани қазына» бағытына ұлттық ойындарын іске асыру аясында еңгізілген, осыған орай аталған жарыс тұңғыш рет облыста ұйымдастырылып отыр.

Жарысқа Тараз қаласы мен 10 ауданнан барлығы 150-ден аса спортшы қатысуы жоспарлануда.

Жарыстың жалпы басшылығын  Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Тоғызқұмалақ қазақ ұлттық ойын қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады,  жарыстың тікелей өткізуін  Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы мен төрешілер алқасы  орындайды.

Жарысты өткізудің негізгі мақсаты: «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру, «Алаңдағы тоғызқұмалақ» командалық ұлттық ойын түрін халықтық, бұқаралық спорт түріне айналдыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды отан сүйгіштікке,  патриоттық сезімге  тәрбиелеу болып табылады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Тоғызқұмалақ қазақ ұлттық ойын қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі

Келушілер: Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары, қала және аудан мектептерінің оқушылары, БАҚ өкілдері.

  

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары