Мемлекеттік сатып алу заңнамаларын түсіндіру бойынша семинар-кеңес.

2016 жылдың 25 мамырында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт мекемелері мен кәсіпорындары қызметшілері арасында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік сатып алу заңнамаларын түсіндіру бойынша сұрақ-жауап форматында  семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске  Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының №4 бақылау бөлімінің бас маман, бас бақылаушы-тексерушілері Тұрғынбаева Индира Дүйсенқызы,  Сапаралиева Ләйлә Әлдиханқызы қатысты.

Семинар-кеңес барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы бойынша  түсіндірмелер беріліп, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша басқарманың және спорт мекемелері басшылары мен бас есепшілеріне «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 2015 4 желтоқсандағы Заңы нормаларының мүлтіксіз орындалуын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

Comments are closed.