Наурыз мерекесіне арналған бұқаралық және ұлттық спорттық іс-шаралар

2017 жылдың 22 наурыз күні Тараз қаласы Төле би көшесінің бойында («Мемлекеттік кірістер департаменті» - «Жамбыл» қонақ үйі) Наурыз мерекесіне арналған бұқаралық және ұлттық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар:  «Бүркітшілер мен тазы иттер» көрмесі, «Алаңдағы тоғызқұмалақ», асық ату, ләңгі тебу, қол күресі, гір тасын көтеру, қазақ күресі, үстелдегі тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, арқан тарту.

Аталған спорттық іс-шараға 3000-ға жуық Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары  қатысты.


Leave a Reply