Грэпплингтен (жекпе-жек спорт түрі) Жамбыл облысының чемпионаты

2016 жылдың 28 ақпан күні Тараз қаласы «КазФосфат» спорт кешенінде грэпплингтен  Жамбыл облысының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 218 спортшы қатысты. Командалық есеп бойынша, Тараз қаласының «Мектептен тыс балалар шығармашылығымен айналысатын орталық» командасы І орын, «Номад» ММА Жамбыл облысының федерациясы ІІ орын және СК «Muscle Gym» командасы ІІІ орынды жеңіп алды. Бұл командалар өз дәрежесінде кубоктармен және дипломдармен марапатталды. Екі спортшы Вайнт Никита және Рахматуллин Руслан үздік техникасы үшін кубокпен және дипломмен марапатталып, ерекшеленді.

10-11ж., 12-13ж., 14-15ж., 16-17ж., 18ж және одан үлкен жастағы барлық жеңімпаздар Жамбыл облысының құрама командасы атынан панкратионнан ҚР Чемпионатына және грэпплингтен ҚР Біріншілігіне қатысатын болады.

1 IMG-20160229-WA0013 IMG-20160229-WA0014 IMG-20160229-WA0018

Comments are closed.