ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіріс

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы 2016 жылдың 1 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Тараз қаласы «ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан» «Достық» орталық алаңына дейін ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіріс өткізілгендігін хабарлайды.

Жалпы жеңіл атлетикалық жүгіріске жасы 18-ден асқан Тараз қаласы мен аудан тұрғындары мен облыстық, қалалық және аудандық мекемелерден 600-ге жуық  адам қатысты.

Ең алғашқы болып мәреге Андрей Колюжный – Тараз қаласындағы № 31 орта мектебінің мұғалімі,  екінші  Жасұлан Жартыбаев  -  ТарМПИ 1 курс білімгері, үшінші  Ералы Кенбаев – Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкері келді, сонымен қатар алғашқы  жүгіріп келген 40 адамға басқарма тарапынан сертификат табысталды.


Leave a Reply