Кикбоксингтен Қазақстан Республикасы чемпионаты

2015 жылдың 28 сәуір мен 2 мамыр аралығында Тараз қаласында «Бокс мектебінде» кикбоксингтен 1997-1998 ж.т. жастар (ұлдар мен қыздар) арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа Астана, Алматы қалаларынан, республиканың облыстарынан барлығы 205 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 28 салмақ дәрежесінде 42 спортшы қатысып, 9 алтын, 5 күміс, 8 қола медальға ие болды.

Жалпыкомандалық есепте жарыс нәтижесі төмендегідей:

1 орын Жамбыл облысы,

2 орын ОҚО,

3 орын Астана қаласы.

Жаттықтырушы: Мақсат Мирасилов.

Comments are closed.