2017 жылдың 27 – 31 қаңтар аралығында Тараз қаласындағы облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатының спорт кешенінде ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Республиканың барлық облыстарынан барлығы 196 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында жалпы командалық есепте І орынды Алматы қаласы, ІІ орын Алматы облысы, ІІІ орын Қызылорда облысы және қыздар арасында жалпы командалық есепте І орын Алматы облысы, ІІ орын Алматы қаласы, ІІІ орынды Қызылорда облысының командасы иеленді.