Жыл бойы

Спорттық разрядтар мен төреші, оқытушы-жаттықтырушы санаттарын беру.

Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секцияларының және басқа да ұйымдардың, бірінші, екінші және үшінші санаттардағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) қызметін лицензиялау қызметтеріне уәкілеттілік ету және басшылық жасау.

Әр түрлі деңгейде өткізілетін әралуан спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарға қатысатын спортшылардың сандық және сапалық құрамына талдау жасау.

Басқарманың әріптестер алқасы мәжілісінің күн тәртібін айқындау, материалдар дайындау, өткізу және хаттамалық шешімінің орындалуын қамтамасыз ету.

Облыс әкімі және басқарма сайттарының спорт, туризм салаларына байланысты ақпарттармен толықтырылып және жаңартылып отырылуын қамтамсыз ету.

Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялау.

Басқарма бойынша электронды портал жасау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингін жүргізу.

Басқармаға түскен құжаттар мен тапсырмалардың орындалуына бақылау жүргізу жоғарғы органдарға ұсынылатын жедел ақпараттардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жағымсыз материалдарға монитроинг жүргізу.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің спорт және туризм салаларына байланысты нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу.

Облыс құрама командаларын жасақтауды ұйымдастыру, дайындығын қадағалау және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына, біріншіліктеріне, кубоктарына, кешенді спорттық іс-шараларға, басқа да республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын үйлестіру және спорт түрлері бойынша облыс құрама командасының құрамын бекітуге ұсыныс беру.

Басқарма бағынысындағы спорт мекемелері мен кәсіпорындарындағы оқу-жаттығу сабақтарының және жаттығу жұмыстарының жеке жоспарлар мен оқу кестелеріне сәйкес өткізілуіне бақылау жүргізу.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен 2011 жылға арналған спорттық күнтізбелік жоспарына сәйкес, кешенді және мерекелік күндерге негізделген бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу.

Спорт мекемелеренің жұмысын бағдарлау, спортшылардың жетістіктеріне есеп жүргізу.

Қазақстан Республикасының «Бірыңғай жіктеу мөлшерін» орындағанына байланысты, жаттықтырушылардың, төрешілер мен спортшылардың құжаттарын әзірлеп, комиссияға ұсыну.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қазақстандық және облыс спортшыларының спорттағы жетістіктерін, бұқаралық спортты танымал ету, олардың санасында «тәні саудың — жаны сау» деген қағидатты орнықтыру, азаматтардың спортқа, табиғи дене бітімін жетілдіруге деген қызығушылығын арттыру, спортпен өз бетінше шұғылдануды белсенді түрде таныту, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану қажеттігін көпшіліктің санасына сіңіру, насихаттық және ақпараттық материалдар әзірлеу.

Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері мен штаттан тыс қызметкерлеріне еңбек өтілдерін белгілеу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, хаттамасын жүргізу.

Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері мен басқарма бағынысындағы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорын басшыларының арасында құқықтық оқыту өткізу.

Басқарманың мемлекеттік қызметкерлерін біліктілігін арттыру курстарынан және мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметкерлерді қайта даярлалау курстарынан өткізу.

Басқарма қызметкерлері мен басқарма бағынысындағы мекемелер мен кәсіпорын басшыларының жеке істерін жүргізу, еңбек кітапшаларына тиісті жазбалар енгізу

Жаңадан мемлекеттік қызметке түскен қызметкерлердің ант тапсыру рәсімін ұйымдастыру және өткізу

Comments are closed.