Жамбыл облыстық мектеп Лигасы

2016 жылдың 27-29 сәуір аралығында Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған (ойын спорт түрлерінен)  Жамбыл облыстық мектеп Лигасы өтеді.

Мектеп Лигасына спорттың 3 түрінен - баскетбол, волейбол, кіші футбол ойын түрлерінен өткізіледі.

2015 жылдың желтоқсан мен 2016 жылдың наурыз аралығында 50 мыңан астам мектеп жасындағы балалар қатысқан іріктеу жарыстарының І, ІІ кезеңдері (аудандық ауыл округтерінде, аудандарда және Тараз қаласында) өтті.

Облыстық жарыстарда Тараз қаласының және аудандардың құрама командасы қатысады. Команда үш түрлі жас ерекшеліктерінен тұрады.

1-жас ерекшелігі:  5-6 сынып оқушылары;

2-жас ерекшелігі: 7-8 сынып оқушылары;

3-жас ерекшелігі: 9-11 сынып оқушылары;

Мектеп Лигасын өткізу бойынша үйлестіруін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы бірлесіп жүзеге асырады.

Жарыстың мақсаты, мектеп оқушыларының  арасынан талантты спортшыларды шығару, салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп оқушыларының бос уақытын қамтамасыз ету, оларды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту,  бұқаралық спорт түрлерін дамыту  және  ойын спорт түрлерін дамыту .

Жарыстың басталуы 2016 жылдың 27 сәуір күні сағат 09.00-де.

Comments are closed.