2017 жылдың 13 қаңтар күні Тараз қаласы Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовтың төрағалығымен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беру жиналысы өтті.
Аталған жиналысқа облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов, облыс әкімдігінің басқарма басшылары, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, Тараз қаласы мен аудандардың дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары, облыстық федерация мен спорт мекемелерінің басшылары, спорт түрлері бойынша облыстың аға жаттықтырушылары, БАҚ өкілдерінен жалпы 170-тен аса адам қатысты.
Жиналыс барысында Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Г.Қайнарбековтың 2016 жылы спорт басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы, Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Д.Молдағалиевтің, №2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры М.Стамкуловтың баяндамалары тыңдалып, қатысушылар мен жиналыс төрағасының тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.