Жергілікті әскери басқару органдарының арасындағы облыстық спартакиада

2015 жылдың 18 сәуір күні Тараз қаласында «Тараз-Арена» спорт сарайында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына және Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған Жамбыл облысы жергілікті әскери басқару органдарының арасындағы облыстық спартакиада өтті. Спартакиада спорттың 5 түрі бойынша (кіші футбол, волейбол, жүгіру эстафетасы, гир көтеру (абсолюттік салмақта) және арқан тарту) өткізілді.

Жарысқа барлығы 12 құрама командадан тұратын Жамбыл облысының, Тараз қаласы мен аудандарыдың жергілікті әскери басқару органдарынан 150 адам қатысты.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте :

Жамбыл обл. ҚІД 83 ұпай І орын

Тараз 62 ұпай ІІ орын

Мерке 62 ұпай ІІІ орын иеленді.

Кіші футболдан:

Жамбыл обл. ҚІД І орын

Мерке ІІ орын

Қаратау ІІІ орын

Волейболдан:

Жамбыл обл. ҚІД І орын

Мерке ІІ орын

Қаратау ІІІ орын

Жүгіру эстафетасынан:

Тараз І орын

Қордай ІІ орын

Мерке ІІІ орын

Гир көтеруден:

Жамбыл обл. ҚІД І орын

Тараз ІІ орын

Байзақ ІІІ орын

Арқан тартудан:

Сарысу І орын

Тараз ІІ орын

Жамбыл обл.ҚІД ІІІ орын иеленді.

Comments are closed.