Грек-рим және еркін күрестерінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты

2017 жылдың 9 – 12 ақпан аралығында Қарағанды қаласында грек-рим және еркін күрестерінен 1994-1998 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Чемпионатқа Республиканың 14 облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан барлығы 421 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 30 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:

Грек-рим күресінен:

130кг салмақ дәрежесінде Тойбеков Исламжан ІІ орын

Еркін күрестен:

74кг салмақ дәрежесінде Тілеу Еркебұлан І орын

70кг салмақ дәрежесінде Амангелдиев Ернар ІІ орын

65кг салмақ дәрежесінде  Әжіқұл Нұрдаулет  ІІІ орын иеленді.

Грек-рим күресінен облыстың аға жаттықтырушысы – А.Байзақов. Еркін күрестен облыстың аға жаттықтырушысы – Ә. Сарыбаев.


Leave a Reply