2017 жылдың 9 – 12 ақпан аралығында Қарағанды қаласында грек-рим және еркін күрестерінен 1994-1998 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Республиканың 14 облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан барлығы 421 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 30 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:
Грек-рим күресінен:
130кг салмақ дәрежесінде Тойбеков Исламжан ІІ орын
Еркін күрестен:
74кг салмақ дәрежесінде Тілеу Еркебұлан І орын
70кг салмақ дәрежесінде Амангелдиев Ернар ІІ орын
65кг салмақ дәрежесінде Әжіқұл Нұрдаулет ІІІ орын иеленді.
Грек-рим күресінен облыстың аға жаттықтырушысы – А.Байзақов. Еркін күрестен облыстың аға жаттықтырушысы – Ә. Сарыбаев.