Бүгін: 19.06.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Бүгінгі таңда облыста спортты, оның ішінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірқатар ауқымды істер жүзеге асырылуда.

2017 жылдың басында облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 297,7 мың адамға артып, 26,7%-ды құраса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш  27, 5%-ға жетіп, 306,7 мың адамды құрап отыр.

Бүгінгі күні аудандар мен Тараз қаласында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын жастар саны 131,1 мың адамға жетті.

Бұл облыстағы жалпы жастардың 48,3% (271,4 мың адам)  құрайды.

Сонымен қатар, бүгінде облыс бойынша мектеп жасындағы 66,3 мың немесе 31,9% оқушы спорт секцияларында тұрақты түрде спортпен айналысуда.

Олардың 20 734 спортшы спорт мектептерінде, оның ішінде 14 073 спортшы ауылдық спорт мектептерінде.

Ү.ж. 5 айында облыс бойынша 1030 (996-і аудандарда) спорттық іс-шара өткізіліп, оған 167,0 мың адам (131,1 мың адам аудандарда) тартылды.

Олардың арасында, соңғы үш жылда спорт және білім басқармалары бірлесіп өкізіп келе жатқан облыстық  «Мектеп Лигасы» спорттық ойындары (кіші футбол, волейбол, баскетбол).

Мектеп Лигасы» ойындарының І және ІІ кезеңдеріне 50 мыңнан астам мектеп жасындағы балалар қатысса, ІІІ-ші ақтық кезеңіне 2 мыңға жуық спортшы-оқушылар қатысты.

Сонымен қатар, «Көше ойындары» жарысынан облыс чемпионаты спорттың 6 түрі бойынша (стритбол, кроссфит, ауыр затты сыға көтеру (народный жим), стрит воркаут, үстел тенисі және шахмат) өткізілді.

Жалпы жарыстың аудандық, қалалық және облыстық іріктеу және финалдық сынына 2016 жылы 2500-ге жуық қатысса, 2017 жылы 6800-ге жуық спортшылар тартылды.

Сондай-ақ, облыстық «Аула ойындарының» 3 кезеңі өткізілді. Ойын бағдарламасына 5 ойын түрлеріі (қалашық, ләңгі, асық ату, қашпа доп және секірмек) енгізіліп, оған 2016 жылы 16 мыңға жуық тартылса,  2017 жылы 17 мыңға жуық азаматтар қатысты.

Сонымен қатар, жоғары  және арнайы орта білім беретін оқу орындырының студенттер арасындағы спартакиада, қазақ күресінен «Қазақсатан Барысы» республикалық турнирге ауылдық, аудандық және облыстық іріктеу жарыстары, мемлекет әйелдер қызметшілер арасында волейболдан турнир, облыс әкімдігі,  құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы кіші футболдан облыстық турнир, асық атудан «Алтын сақа» ауылдық, аудандық және облыстық жарыстары, мемлекеттік қызметшілері арасындағы облыстық спартакиада, «Әкем, анам және мен спорттық отбасы» ойындары, облыстағы жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлерінің және басқа да көптеген іс-шаралар өткізілді.

Бұқаларық спортты дамытуға 2017 жылға Тараз қаласы мен аудандар тарапынан 151,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы көлемі 2016 жылмен (143,9 млн. теңге) салыстырғанда  7,6  млн. теңгеге артты.

2016 жылы Президенттік тест тапсырғандар саны облыс халқының 31,1 пайызын немесе 347 мың 200 адамға жетті.

Биылғы жылы Президенттік тестлері сәуір айынан басталып қазан айына дейін жүргізіледі.

Қазіргі таңда облыста дене мүмкіндігі шектеулі жандар саны облыс бойынша 37 546 адамды құрайды. Оның ішінде спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 1609 адам немесе  4,3% .

2017 сәуір айында  ауылдардағы спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында Талас ауданы, Қаратау қаласында «Жамбыл облысында дене шынықтыру және спортты дамыту туралы» облыстық семинар – кеңес ұйымдастырылды. Аталған семинар кеңеске Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, спорт бөлімдерінің басшылары, спорт мектептерінің директорлары және ауылдық округтердің нұсқаушы-әдіскерлері қатысты. (2016 жылы 2-і облыстық семинар-кеңес өткізілді).

Семинарда облыстағы 153 ауылдық оркуг әкімдеріне бұқаралық спорт шараларын өткізу мен ұйымдастыруға басымдықтар берілген арнайы жаднама әзірленіп, кешенді әдістемелік көмектер көрсетілді.

Жадынамада ауыл тұрғындары арасында өткізілетін спорттық іс-шаралар туралы нақты мәліметтер, Президенттік тестілер, атақты спортшылармен кездесулер форматы, спорттық нысандарға қолжетімділікті арттыру жолдары, шығынды аз қажет ететін спорттық нысандар салу, ауылдық округтердегі нұсқаушы-әдіскерлер жұмысын ұйымдастыру мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спортқа тарту жөнінде ықшамдалған мәліметтер көрсетілген.

2016  жылы іске қосылған бизнестің әлеуметтік қолдауы жобасы аясында демеушілер есебінен Қордай ауданының Қаракемер ауылында және Шу қаласында жаңа спорт кешендері іске қосылды.

Сонымен қатар, облыс орталығынан жастар арасында үлкен қызығушылық туғызып отырған 7 стрит воркаут алаңшалары ашылды.

Жақында еліміздің Ұлттық олимпиада комитетінің қолдауымен 4 стритворкаут алаңшалары  салу көзделуде.

Сонымен қатар 2016 жылы Тараз қаласында  жасанды төсеніші бар 3 спорт алаңшалары (соның ішінде 2 кіші футбол алаңшасы) салынды, сонымен қатар «Денсаулық» сауықтыру кешені (Тараз қаласы Аль-Фараби көшесі 82, директоры Қ.Ж.Абдикаримов), «Bodylines» әйелдер фитнес клубы (Тараз қаласы, Әйтеке би көшесі 3 Д, директоры М.Н.Баубеков) іске қосылды.

Ал 2017 жылы «EA Footballs Arena» кіші футбол алаңы (Тараз қаласы, Дүрімбетова көшесі 37, директоры Д.Н.Дауренбеков), «DOSTYK-LIFE» футбол алаңшалары (Тараз қаласы, Тәуке хан көшесі 25 Е директоры А.А.Мырзабеков)  қолданысқа берілді.

2017 жылдың ақпан айында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Аталған кешенде бір күнде 300 адамның спортпен шұғылдануына мүмкіндік бар.

Алдағы уақытта Тараз қаласында мұз айдынын салу жұмыстары жоспарлануда.

Қазіргі таңда облыста спорт нысандарының жалпы саны 2026-ға жетті (1 спорт сарайы, 19 стадион, 665 футбол алаңы, 556 спорт залы, 664 спорт алаңшалары және 121 басқа да нысандар).

Басқарма тарапынан өңір тұрғындарының, оның ішінде жастардың бұқаралық спортпен шұғылдануы үшін спорт нысандарына қолжетімділігін анықтау мақсатында барлық спорт нысандарына тұрақты мониторинг жүргізу тәжірибесі орныққан.

Бүгінде облыс бойынша бұл мақсаттағы 1251 спорт нысаны анықталды.

Оның 410-ы Тараз қаласында, 841-і аудандарда орналасқан.

Аталған нысандарда жыл сайын тұрғындардың спортпен шұғылданудың арнайы кестесі жасалып, жергілікті баспасөз беттерінде тұрақты түрде жарияланып келеді.

Сонымен қатар, өткен жылы сабақтан тыс бос уақытта жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарын кеңінен пайдалану мақсатында облыс әкімдігінің спорт және білім басқармалары,  Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері арасында 3 жақты Меморандум жасалды.

2017-2018 жылдары салыну жоспарланған спорт нысандары:

- Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы №9 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі үшін спорт зал (жалпы құны - 363,4 млн.теңге);

-  №1 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебіне 3 ангарлық типті спорт зал (жалпы құны 494,7 млн.теңге);

- Қордай ауданы Қордай ауылындағы 320 көрермендерге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені (жалпы құны 431,7 млн.теңге);

- Құлан ауданы Т.Рысқұлов ауылындағы 160 көрермендерге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені (жалпы құны 364,8 млн.теңге);

- Тараз қаласы, Абай даңғылы 109 велосипед және су спорты түрлері бойынша облыстық арнайы балалар-жасөспірімдер №4 спорт мектебіндегі велосипед базасының (жалпы құны 151,1 млн.теңге);

- Меркі ауданындағы спорт мектебінің ғимаратының күрделі жөндеуіне 269 млн тенге бөлінді.

Аталған нысандарды қолданысқа беру 2018 жылға жоспарлануда.

Ү.ж. 18 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов бастаған Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарының және Тараз қаласы әкімінің орынбасарлары, Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың елімізде 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысушылар санын 30 пайызға жеткізу мақсатындағы тапсырмасын және 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жерге – туыңды тік!» идеясы аясында Тараз қаласында мемлекеттік және жеке кәсіпкерліктің қолдауы арқасында жаңадан пайдалануға берілген спорт нысандарын аралап көрді.

Олардың қатарында «EA Footballs Arena» кіші футбол алаңы (директоры Д.Н.Дауренбеков), «Денсаулық» сауықтыру кешені (директоры Қ.Ж.Абдикаримов), «Bodylines» әйелдер фитнес клубы (директоры М.Н.Баубеков), «HAWK» TECHNOLOGY фитнес клубы (директоры С.Ю.Понамарев), «Планета спорт» фитнес клубы (директоры В.В.Синицын) және «DOSTYK-LIFE» (директоры А.А.Мырзабеков)  футбол алаңшалары бар.

Облыста 45 спорт мекемесі жұмыс атқарады. Оның ішінде: спорт түрлері бойынша 7 спорт клубтары, «Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы», «Жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы», «Тараз-Арена» спорт сарайы, «Облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернаты» және 33 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері (7-і Тараз қаласында және 26-і аудан әкімдіктерінің құзырында).

Облыстың спорт мекемелерінде спорттың 43 түрі қамтылып отыр. Оның ішінде 22 олимпиадалық, 12 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрі бар.

Спорт мекемелерінде 21 860 спортшымен (оның ішінде ауылдық мекендерде 14073 спортшы) 839 оқытушы-жаттықтырушы (оның ішінде ауылдық мектептерінде 470)  қызмет атқарды.

2017 жылдың 4 айы бойынша облыс споршылары жалпы 498 медальға (143 алтын, 153 күміс және 202 қола) иеленді.

2017 жылдың 4 айында 9 ҚР спортшы спорт шебері нормативін орындаса, 2 жаттықтырушы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болды.

Сондай-ақ, 162 спортшыға «ҚР спорт шеберлігіне кандидат» және 30 спортшыға «І-ші разрядты спортшы»  спорттық разрядтары берілді.

2017 жылдың 3-5 наурыз аралығында Анталия (Түркия) қаласында дзюдодан  Европа кубогында Жамбыл облысынан ҚР Ұлттық құрама командасының сапында Сәлімбаев Нұрзат (60 кг) қатысып  1 орынға иеленді

2017 жылдың 30 сәуір – 7 мамыр аралығында Ташкент (Өзбекстан) қаласында бокстан ересектер арасында Азия чемпионатында Жамбыл облысынан ҚР Ұлттық құрама командасының сапында Әбілхан Аманқұл (75 кг) қатысып  3 орын иеленді.

2017 жылдың 11-14 мамыр аралығында Нью-Дели (Үндістан)  қаласында еркін күрестен ересектер арасында Ақжүрек Таңатаров (70 кг)    1 орын иеленді.

2017 жылдың 19-21 мамыр аралығында Лион (Франция) қаласында киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер арасында 31-ші Еуропа чемпионатында  (The 31th European Weight Category Karate Championship) Жамбыл облысынан ҚР Ұлттық құрама командасының сапында Датқа Қуаныш (40кг) 3 орын иеленді.

Ү.ж. 26-28 мамыр аралығында Тбилиси(Грузия) қаласында каратэ-додан өткен «Грузия Опен» халықырылық турнирінде 5 облыс спортшылары қатысып 2 алтын (16-17 жас аралығында Тоқтағызы Айзере (53 кг), Бекзадаев Ильяс (55 кг)), 2 күміс (14-15 жас аралығында Тоқтағазы Айзере (54 кг), 16-17 жас аралығында Сейтхан Ердос (51)) және 2 қола (16-17 жас аралығында Азизов Рамазан (76 кг), 18 жастан жоғары Асылханов Абылайхан (84кг)) медальдарға иеленді.

2017 жылдың 23-29 мамыр аралығында Ташкент (Өзбекстан) қаласында пара дзюдодан  Азия чемпионатына Жамбыл облысынан ҚР Ұлттық құрама командасының сапында Әділет Адамбеков (60 кг) қатысып  3 орынға иеленді.

Басқарма алдағы уақытта бұқаралық спортты дамыту мақсатында атқаратын бірқатар маңызды міндеттерді белгілеп отыр.

Олардың қатарында:

- аудандар мен Тараз қаласында орналасқан спорт нысандарына тұрғындардың қолжетімділігін арттыруға баса назар аудару;

- аудандар мен Тараз қаласындағы ірі өндіріс орындарында, кәсіпорындар мен мекемелерде, жоғарғы және арнайы орта оқу орындарының арасында, оның ішінде әсіресе ауыл тұрғындардың арасында бұқаралық спорттық шаралар ұйымдастыруды қолға алу және оның ішінде спортқа қамтылмаған тұрғындарды тарту;

- ауылдағы жасөспірімдер мен жастарды спортқа тарту мақсатында облыс чемпионаттары мен біріншіліктерін аудан орталықтарымен ауыл округтерінде ұйымдастыру;

- халық көп шоғырланған жерлерде шығынды аз қажет ететін спорттық қарапайым алаңшалар (ашық алаңдарға арналған тренажерлар, стритворкаут құралдары, теннис үстелдері және т.б.) салуды назарға алуды;

- ауылдық округтегі әдіскер-нұсқаушылардың ауыл жастарын бұқаралық спортқа кеңінен тарту жұмыстарын жандандыру;

- қазіргі таңда облыста «Көше спорты» және «Аула ойындары» жарыстарының қарқынды дамып келе жатқандығын ескере отырып, аудандар мен Тараз қаласында аула клубтарының жұмыстарын жандандыруға, оларға іс-жүзінде әдістемелік көмектер көрсетуді қолға алу.

Сонымен қатар жыл соңына дейін облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 315  мың адамға артып, 28%-ға жеткізу және 1,5 мыңнан астам бұқаралық спорттық іс-шара ұйымдастырып, аталған іс-шараларға 400 мыңға жуық адам тартылуы жоспарлануда.