Бүгін: 20.12.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың аралық тарату балансы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.

Облыс әкімі                                                  К. Көкрекбаев

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

2017 жылғы «   » қыркүйектегі

№ --- қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың аралық тарату балансын бекітетін кәсіпорындар тізімі 

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жамбыл» бокс клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Қазақ күресі клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
  3. «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз» волейбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
  4. «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Әулие-Ата» ат спорты клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;