1 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ ЖӘНЕ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағы
- «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген және келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
ересектер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-3 орынды иеленсе;
ересектер арасындағы Әлем чемпионаттарында 1-2 орынды немесе екі рет 3 орынды иеленсе;
- Ойын спорты түрлерінен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
Олимпиада ойындарында және әлем чемпинаттарында (ойын спорты түрлерінен) ақтық сынға немесе УЕФА және Еуропа лигасының ересектер арасындағы топтық турниріне шыққаны үшін.
- Олимпиадалық емес спорт түрлерінен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
Әлем чемпионатында ересектер арасында 1 орынды үш рет иеленсе.
- Мүгедек спортшылар арасында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда 1-3 орын.
Спортттық атақпен марапаттау қайта жүргізілмейді.