Бүгін: 17.05.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

1 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ ЖӘНЕ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағы

  1. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген және келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:

ересектер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-3 орынды иеленсе;

ересектер арасындағы Әлем чемпионаттарында 1-2 орынды немесе екі рет 3 орынды иеленсе;

  1. Ойын спорты түрлерінен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:

Олимпиада ойындарында және әлем чемпинаттарында (ойын спорты түрлерінен) ақтық сынға немесе УЕФА және Еуропа лигасының ересектер арасындағы топтық турниріне шыққаны үшін.

  1. Олимпиадалық емес спорт түрлерінен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:

Әлем чемпионатында ересектер арасында 1 орынды үш рет иеленсе.

  1. Мүгедек спортшылар арасында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:

Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда 1-3 орын.

Спортттық атақпен марапаттау қайта жүргізілмейді.

Жуктеу